Kazakh
Түлкі мен түйе
Түлкі тоғайда түйені көріп, денесі ойқы-шойқы, олпы-солпы екен, бәлки, осыдан бірдеңе түсіп қалар деп алыстан аңдып жүреді.
Бір күні түйе бір өзеннің арғы жағына өтеді.
—Уа, түйе, су терең бе екен?—дейді түлкі.
—Терең емес тізеден ғана.
Тізеден ғана болса терең емес екен деп түйе жаққа өтбек болып түлкі суға түседі. Батып, қылғынып бара жатып түлкі түйеге айқайлайды:
—Тізеден ғана дегенің кәні, мен батып барам ғой?
—Е, сенің тізең мен менің тізем бірдей ме? Өз тізеңе қарамайсың ба?—дейді түйе.