Back to corpus

Қасқыр мен түлкі

Қасқыр мен түлкі келе жатып бір жартастың үстіне шығады, қасқыр бір қой жеп тойынып алған, түлкі аш. Түлкі жемеген, біраз қайғыланып тұрып, ішін тартады. Қасқыр: —Түлкім-ау, неге ішің тартасың?—дейді. Түлкі: —Бір нәрсеге қайран қалып тұрмын. Бұл жартасқа екі рет келдім. Сенің әкеңнің ерлігіне сондай сүйсіндім, осы жарт...

Kazakh
Қасқыр мен түлкі
Қасқыр мен түлкі келе жатып бір жартастың үстіне шығады, қасқыр бір қой жеп тойынып алған, түлкі аш. Түлкі жемеген, біраз қайғыланып тұрып, ішін тартады. Қасқыр: —Түлкім-ау, неге ішің тартасың?—дейді. Түлкі: —Бір нәрсеге қайран қалып тұрмын. Бұл жартасқа екі рет келдім. Сенің әкеңнің ерлігіне сондай сүйсіндім, осы жартастан әкең баяғыда секіріп еді, баласы әкесіндей секіре алады дейсің бе,?—дейді. Қасқыр оған сеніп: «Мені де сынап көрші, секірейін»,—деп жартасқа үш келіп, үш рет қайтады. Түлкі сақылдап күледі. Қасқыр сұрайды: —Неге күлдің?—деп. Түлкі: «Атаңа тартқаныңа күлемін, дәл сен сияқты үш келіп, үш кетіп, төртіншіде секіріп еді»,—дейді. Түлкіге сеніп, төртіншіде жартастан секіргенде қасқыр байғұс құлап түсіп, белі сынады. Досының құлағанын көріп, түлкі артына келіп, көтеншегін суырып алып, мырс етіп күледі. Қасқыр: —Неге күлдің, түлкім?—дейді. Түлкі: —О, ақымақ! Баяғыда әкеңді де мақтап-мақтап секіртіп, көтеншегін суырып жеп ем,—дейді.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.