Back to corpus

Кедей мен қасқыр

Ертеде бір кедей болыпты, өзі еріншек болыпты, аштық- жалаңаштықтан ыза шеккен соң қатыны бұзылады. Қатыны бұзылып тұрмасқа айналған соң, жұбану үшін құдайдан мал әкелем деп тоқтаған. Қолына таяғын алып, жапанға кезіп бара жатқанда алдынан бір қасқыр жолығады. «Адам қайда барасың?»—деп қасқыр сұрайды. «Құдайдан мал алғ...

Kazakh
Кедей мен қасқыр
Ертеде бір кедей болыпты, өзі еріншек болыпты, аштық- жалаңаштықтан ыза шеккен соң қатыны бұзылады. Қатыны бұзылып тұрмасқа айналған соң, жұбану үшін құдайдан мал әкелем деп тоқтаған. Қолына таяғын алып, жапанға кезіп бара жатқанда алдынан бір қасқыр жолығады. «Адам қайда барасың?»—деп қасқыр сұрайды. «Құдайдан мал алғалы бара жатырмын»,—деп жауап береді. Қасқыр айтады: «Жеті жылдан бері іш ауруы болып жүрмін. Соны құдайдан сұрай кел. Емі не екен?». Кедей: —Жарайды,—деп жүріп кетеді. Сонан бір уақытта бір ағаштың түбіне келіп қонады. Ағаш адамнан сұрайды: «Қайда барасың?»—дейді. —Құдайға мал алғалы барамын,—дейді. Ағаш айтады: —Менің басымдағы жемісім қурап түсіп қалады, пісерлік уақытына жетпей, соның себебі не екен, соны сұрай кел,—дейді. Адам «Жарайды»,—деп жүріп кетеді. Онан үлкен суды өрлеп келе жатса, судан басы шығып бір үлкен балық тұрады. Адамнан: «Қайда барасың?»—деп балық сұрайды. —Құдайдан мал алғалы барамын,—дейді. Балық адамға тапсырады: —Аз уақыттан бері басым суға батпайтын болып қалды, себебі не екенін сұрай кел,—дейді. Онан өрлеп сол өзеннің басына шығуға жақындайды. Тұс- тұсынан «қайда барасың» көбейеді. «Құдайға мал алғалы барамын» дегеннен басқаға шама келмейді. Даусы ғана естіледі, еш нәрсе көрінбейді. Құдай: «Мен малды үйіңе апардым, қайт!»—дейді. Бұрылып ала қайтады. Қайтып келе жатып балыққа жолығады. Балық: «Құдайға бардың ба?»—деп сұрайды. «Бардым»,— дейді. «Мал алдың ба?»—дейді. «Алдым»,—дейді. «Малың қайда?»—дейді. «Құдай үйіме апарып тастады»,—дейді. «Менің айтқанымды сұрадың ба?»—деді. «Сұрадым»,—дейді. «Желбезегіңде гауһар тас бар»—дейді. «Соны алса, басы суға батады»,—дейді. «Құдайдың берген малы осы ғой, соны ал»,— дейді балық. Адам алмайды, жүріп кетеді. Онан ағашқа жетеді. Ағаш адамға: «Құдайға бардың ба?»—дейді. «Бардым»,—дейді. «Мал алдың ба?»—дейді. «Алдым»,—дейді. «Малың қайда?»— дейді. «Үйіңе апарып тастадым деді құдай»,—дейді кедей. «Менің тапсырғанымды сұрадың ба?»—дейді. «Сұрадым», —дейді. «Не екен?»—дейді. «Қар бойы жерде, тамырыңда тоқтаған алтын бар, соның қызуымен уақытына жетпей, жеміс піспей қурауы сол үшін. Ол алтынды алса, өз уақытында жеміс пісіп, өз уақытында түседі»,—дейді. Ағаш жалынады: «Құдайдың берген малы сол, соны сен алып бай бол, мен де тыныштық табайын»,—дейді. Адам болмайды, жүріп кетеді. Үйіне таяғанда баяғы қасқыр жолығады. «Е, адам, аман қайттың ба?» «Қайттым». «Құдайға бардың ба?» «Бардым». «Мал алдың ба?» «Алдым». «Малың қайда?» «Үйіңе апарып тастадым деді құдай». «Менің ауруыма ем сұрадың ба?» «Сұрадым». «Не дейді?» «Жаман кісіні жесе, жазылады»,— дейді. «О, менен басқа жолыққаның бар ма?» «Бар». «О, не?» Баяғы ағаш пен балықты айтады. Жоғарғы сөздерді толық сөйлейді. Қасқыр айтады: «Құдайдың саған берген малы ағаштағы алтын, балықтағы гауһар, құдайдың берген малын алмаған, сенен жаман кісіні қайдан табам»,—деп қасқыр адамды жеп қояды.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.