Back to corpus

Арыстан мен түлкі

Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да: – Аурумын, жүруге әлім жоқ, – деп, барлық аңдарға хабар таратты. Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармады. Бәрі де арыстанға жем болды. Бір күні түлкі к...

ATU 50А
Kazakh
Арыстан мен түлкі
Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да: – Аурумын, жүруге әлім жоқ, – деп, барлық аңдарға хабар таратты. Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармады. Бәрі де арыстанға жем болды. Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да: – Халіңіз қалай, тақсыр? – деп, көңілін сұрады. – Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, бір азырақ сөйлесейік? – деді арыстан. Түлкі: – Мен саған жақын барар едім-ау, саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! – деп, жүріп кетіпті.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.