Back to corpus

Маймыл мен бақа

Бір маймыл көлге барып су ішіп жүріп бір бақамен танысыпты. Олар бірте-бірте достасып та кетіпті. Ол екеуі үнемі бірге ойнап-күліп жүреді екен. Бір күні екеуі көл жағасындағы көк жасаңда ойнап-күліп отырғанда, бақа маймылды көлдегі мекеніне барып тамашалауға ұсыныс етіпті. Судан өлердей қорқатын маймыл барудан жүрексін...

Kazakh
Маймыл мен бақа
Бір маймыл көлге барып су ішіп жүріп бір бақамен танысыпты. Олар бірте-бірте достасып та кетіпті. Ол екеуі үнемі бірге ойнап-күліп жүреді екен. Бір күні екеуі көл жағасындағы көк жасаңда ойнап-күліп отырғанда, бақа маймылды көлдегі мекеніне барып тамашалауға ұсыныс етіпті. Судан өлердей қорқатын маймыл барудан жүрексініпті. – Сен менің арқама мініп, көзіңді тарс жұмып, отырсаң болды. Сені көл түбіне өзім-ақ алып түсемін, – депті бақа. Маймыл таңсық көріп, оның арқасына жабысып көлге түсіпті. Маймыл бірнеше күн бақаның үйінде ойнап-күліп жүріпті. Маймылдың жүрегі күллі науқасқа ем болады деп естіген бақа, оны өлтірудің қазанын асып: – Достым, анамның науқасы салмақты болып тұр, дәрігердің айтуынша, маймылдың жүрегін жесе ғана сауығады екен, меніңше енді мен не істеуім керек, – депті. Маймыл әдейі таңданғансып: – Әттең, бақа-ай! Екеуіміздің дос болғанымызға ұзақ уақыт бола тұра, сіз маймылдардың жүрегі әмсе ағаш басында ілулі тұратынын білмеуші ме едің? Мені жағаға алып шығып, жүрегімді алып қайт, сөйтіп анаңды емдетсең болады, – депті. Сонан бақа маймылды арқалап жағаға шығарыпты. Тауға келгеннен кейін маймыл ағаш басына өрмелеп шығып бақаға: – Досым, аузыңды аш, жүрегімді үзіп тастайын, – депті. Бақа аузын ашып тұрыпты, маймыл жабысқақ құмалақтарын уыстап алып бақаның аузына тастап: – Бақа, бақа маймылдың жүрегін емес, құмалағын жедің! – деп сықылықтай күліпті.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.