Back to corpus

Тапқыр қоян

Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып қойып: – Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін, – деген шарт қойыпты. Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе де, қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты. Ең соңында қоян келіп, қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да: – Ыстық...

Kazakh
Тапқыр қоян
Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып қойып: – Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін, – деген шарт қойыпты. Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе де, қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты. Ең соңында қоян келіп, қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да: – Ыстықтай ішуді өте жақсы көремін, – деп жан-жағына қарайды. – Ендеше іше ғой, – дейді аңдар аңтарылып. Қоян ұзыннан-ұзақ қаз-қатар тізіліп тұрған аңдарды жағалай жүріп: – Мінеки, достарым, мынау, ыстық су. Көздеріңмен көріңдер, – деп, бас-басына көрсетіп шығады. Сөйтіп, қоян аңдарды басынан аяғына дейін аралап шыққанша, қазандағы су суып қалады. Сол кезде қоян суды басына бір-ақ көтеріп, сіміріп салады. Шошынған аңдар ауыздарын ашып, көздерін жұмысады. Ал алданған арыстан патша қоянға көп-көп сыйлықтар бергізіп: – Міне, нағыз ер! – деп мақтапты.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.