Арзы саудагер

Бұрынғы уақытта Қырым қаласында Арзы деген атақты саудагер болыпты. Өзі сауда жасағанымен, қарауындағы жұмсайтын адамдар мен кедейлерге қайырымды болыпты. Соның үшін оны халық жақсы керіп, Арзы мырза деп атаған екен. Кейіннен соның малын алып, жұмсап байыған адамдар Арзымен санаспай, оған қарсы байлық салыстырып, қарсы...

ATU 300
Kazakh
Арзы саудагер
Бұрынғы уақытта Қырым қаласында Арзы деген атақты саудагер болыпты. Өзі сауда жасағанымен, қарауындағы жұмсайтын адамдар мен кедейлерге қайырымды болыпты. Соның үшін оны халық жақсы керіп, Арзы мырза деп атаған екен. Кейіннен соның малын алып, жұмсап байыған адамдар Арзымен санаспай, оған қарсы байлық салыстырып, қарсы болғандар көп болыпты. Себебі Арзының жалғыз баласы бар екен. Ол да жас болған. Осыны пайдаланып Арзының саудасын жасап жүрген сатушылар үш жыл бойына Арзыға зияннан басқа пайда бермепті. Арзының өзі керуен тартып сауда жасауға үйіндегі арғы-бергісін басқаратын адамы болмапты. Содан кейін он екі жасар Махмуд деген жалғыз баласын шақырып алып: «Балам, мен болсам қартайдым және өзім кетсем, үйдің ішінде жұмысты тындыратын адам жоқ, сондықтан, балам, басқа адамдардың маған келтірген зиянын өзің-ақ келтір. Сөйтіп, жүріп үйренерсің. Өстіп жүргенде мен өліп қалсам, сен бәрінен де құр қаларсың», – депті. Әкесінің бұл сөзі баласының көкейіне қона кетеді. – Әке, мені жіберетін болсаңыз, бірінші сапарда маған көп қазына бермей-ақ қойыңыз және қасыма өзіңізге сенімді адамнан бес адам қосыңыз, – депті баласы. Арзы баласынан бұл сөзді есіткен соң қуанып, «балам қатарынан жаман болмас» деп, баласының жолға шығар тойын беріпті. Тоғыз түйеге зат артып, баласының қасына бес жігіт қосыпты. Арзы баласы жолға жүрейін деп жатқанда екі түрлі өсиет айтады: – Жолда кетіп бара жатқанда, кеш болды деп, терең сайлы жерге қонба! Панасы бар екен деп, ескі қыстаулы жерге қонба! Себебі, ұры-қарақшы сондай жерлерді паналайды, – дейді. Махмуд жолдастарымен бірге шығып, екі күн жүріп, үшінші күні кешке қарай бір қапталдың астында аты бар, белінде шолақ қылышы бар, орта жасқа келген бір адамға ұшырасыпты. Ол Махмудтан: – Қай жерден шығып, қайсы қалаға барасындар? – деп сұрапты. Сонда Махмуд өздерінің Қырымнан шыққанын, енді алдындағы бара жатқан қаласының атын айтыпты. Махмуд кездескен үлкен кісінің сұрауына жауап беріп болған соң: – Ата, өзіңіз қай жерден шығып, енді қайда барасыз? – деп сұрапты. Сонда баяғы кез болған адам айтыпты. – Біздің ауылымыз онша алыс емес, осы жерден түстік жерде, мен де сендер баратын қалаға барамын. Астымдағы мінген атым жарамсыз еді, сіздерге ілесіп жүруге бола ма? – депті. Сонда Махмудтың қасындағы жолдастары бұл адамның бірге жүруіне қарсы болыпты. Себебі, Арзы баласын жібергенде бізге сеніп жіберген еді, бұл адамның қолында жаман болса да қару бар екен. Біз Арзыға пайда келтіреміз деп жүргенде, жалғыз баласы Махмудтан айрылармыз. Себебі, біздің нағыз сауда жасап бара жатқанымызды білсе, өзімізге дұшпаншылық етер, – деп қорқады. Бірақ Махмуд жас та бола, әкесі Арзының адамдарға істейтін жақсылығын біледі екен. «Не де болса жол үстінде кездескен адамнан қашпа, – дейтін әкем. – Бірақ кездескен адамның досын, қасын айырмай тұрып, ол адамға сырыңды алдырма, – дейтін әкем. – Сол үшін қашан осы адамның өзінен жамандық шыққанша, өзімізбен бірдей болып жүре берсін», – депті Махмуд. Махмуд одан: – Аға, жақсы болды, бізге де өзіңіз сияқты жол білетін адам керек еді. Жолдас болып бірге жүріңіз, – депті. Сол уақытта күн батып, намазшам болыпты. Астындағы аттары, түйелері шаршап, «қонайық» деп қараса, үлкен сайдың бойы екен. Махмуд әкесінің тапсыруы бойынша ол жерге қонғысы келмеді. Сонда жолдан кез болған адам айтыпты: «Тәуекел, қона берейік, осы сайдан болатын пәлені мен көтерейін», – депті. Мұны есіткен соң Махмуд та: «Үлкеннің тілін алған азбайды деген, қонсақ, қонайық!», – депті. Барлығы ұйықтаған уақытта, таңға жақын, ысқырған, желдетіп келе жатқан бір дыбыс жолдан қосылған адамның құлағына естіліпті. Орнынан тұрып қараса, бір айдаһар бұларды жұтайын деп келе жатыр екен. Сол кезде бұл адам қолына шолақ қылышын кесе ұстап, айдаһарға қарсы жүре беріпті. Айдаһар өзіне қарай тартқан уақытта, қарсы ұстаған қылышпен айдаһардың аузынан кіріп, құйрығына дейін тіліп, екі айырып өлтірген. Бұл істі Махмудқа да, оның қасындағы жолдастарына да сездірмей, айдаһарды ұзаққа апарып өртеп, күлін қалтаға салып алыпты. Содан кейін өз орнына қайта келіп жатыпты. Азанда аман-сау тұрып, жүргіншілер ас-суын ішіп, жүріп кетіпті. Кешке дейін жүріп, кеш болғанда бір ескі қыстаудың қасына келіпті. Қонуға қорқып тұрғанда, баяғы адам: «Тәуекел, қонайық», – депті. Түн жарымы ауғанда бәрі де ұйықтап қалады. Жолдан қосылған адам аңдып жатса, жаман қыстаудан ащы дауыс естіледі. Шолақ қылышын қолына алып дауыс шыққан жерге келсе, бір ескі үй түр. Оның үш қабат есігі бар, екі есіктен өтіп, ең соңғы есікке келіп қараса, бір сұлу қыз бен жеті дәудің отырғанын көреді. Сұлу қызды қайсысы аларын білмей, таласып жатқан солардың дауыстары екен. Соны көріп шолақ қылышты адам есікті айқара ашып, қайта шығып, ең ақырғы тар есіктің босағасында жасырынып тұрыпты. Көп ұзамай дәулердің ішіндегі ең үлкені: – Адамзаттың иісі шығып барады, мен байқап келейін, – деп орнынан тұрады. Далаға шығу үшін екі есіктен өтіп, енді тар есікке еңкейе бергенде, жолаушы дәудің басын қағып алыпты. Осылайша біртіндеп қалған дәулерді де өлтіріп, үйге кірсе, бір сұлу жас қыз: «Менің де адам баласын көретін күнім бар екен ғой!» – деп жылап жіберіпті. Жолаушы қыздан: – Сен қалайша дәулердің қолына түстің? – деп сұрапты. Сонда қыз: – Мен Мерін қаласындағы ханның бас уәзірінің қызы едім. Атағымның шыға бастағанына тек алты ай болып еді. Осылар мені, міне, естіп, елімізге соғыс ашып, мені тартып алып осы жерге әкелгеніне үш күн болды, – депті. – Бірақ бұлардың әдеті бойынша біреуі меншіктеп алғанша тимейді екен, әзір жәбіршілік көргем жоқ. Үш күннен бері өзара таласумен болды. Енді сіз бұл жерден кетіңіз. Өлген мен өлейін. Жаңа бұлар адамзаттың иісі шықты деп сізді іздеп далада жүр. Сіз осылардан аман құтылсаңыз, менің еліме барып, мені көргеніңізді және менің сәлемімді айтыңыз, сізден өтінемін, – дейді қыз. Сонда дәулерді өлтірген адам айтады: – Қызым, енді сен қам жеме, мен сенің дұшпаның жеті дәуді өлтірдім. Сен енді осы отырған жеріңде отыра бер. Өзім қайтарда елге алып қайтармын, саған енді келетін пәле жоқ, – депті. Қыз дәулердің өлігін көріп қуанып, бұл адамның келуін күтіп сол жерде қала беріпті. Махмудтың өзі де, қасындағы жолдастары да сайға қонған күнгі және жаман қыстауда қонған жердегі оқиғаны білмепті. Азанда аман-сау жүріп кетіпті. Бірнеше күн жүрген соң елдің үстінен шығыпты. Келсе ол елдің адамдары тегіс бір қол, бір аяқтарынан айрылған екен. Мәнісін сұраса, бұл елдің адамдары баяғы сайға қонған жердің халқы екен. Сол жерде тұрғанда, сол сайдың бойында айына бір адам жеп тұратын айдаһар бар екен. Содан құтылу үшін осы жерге көшіп келіп орналасқан екен. Осында келгенсін халқы тегісінен бір қол, бір аяқтан айрылыпты. Сонда жолдан қосылған адам олардан: – Енді сендерді неменемен емдесе құтыласыңдар? – деп сұрапты. Сонда бұлар айтыпты: – Біздер дұрыс адам болу үшін бізді сол айдаһардың уыменен емдеген адам ғана бізді жаза алады, – дейді. Сосын Махмудтың қасындағы адам: «Сендерді осы аурудан жазған адамға не берер едіңдер?» – деп сұрайды. Мұны естіген майып адамдар айтыпты: – Бізді осы аурудан жазсаң, қолыңдағы тоғыз түйең көтергенше алтын және асыл гауһар берер едік, – дейді. Махмуд «беремін» деген алтын мен гауһарға қызығып, жолдан косылған адамға қарап: – Бұл адамның қолынан бұл ауруды жазу келмесе, сұрамас еді, шынында да бұл адам білімді адам болуы керек. Мен неше күн жолдас болып келіп, бұл адамның атын сұрамадым. Мүмкін, бұл адам осыларды жазып жіберсе, өзімнің жолға бірінші шыққан сапарымда олжалы болып қайтармын, не де болса осы адамның атын сұрайын, – деп ойлады. – Ата, атыңыз кім? – деп сұрайды. Сонда ол кісі: «Атым Жолдас», – деп жауап береді. Сонда Махмуд айтады: – Ата, осы адамдардың ауруы қайткенде жазылады? Білмесеңіз сұрамаған болар едіңіз, халқының жай-жапсарын түгел сұрадыңыз. Бұлар да бізден жасырмастан бастарынан кешкендерін қалдырмай айтты. Соның үшін қолыңыздан келсе, халқын емдеңіз. Жақсыдан шарапат деген, сіздің арқаңызда бұл халық жазылып қалсын. Біз де тоғыз түйе қызыл алтын алып, бөлісейік! – деді. Сол уақытта Жолдас айтты: – Мен дүние үшін жүрген адам емеспін, осы жолға сен үшін жүріп келемін. Сондықтан осы халықты жеті күн емдеп жаза-мын. Бұлар қанша зат берсе де сенікі, – депті. Сөйтіп, бірінші сайға қонған күні айдаһарды өлтіріп, қалтаға салып алған күлмен, ол бір қол, бір аяғы жоқтарды емдеп, барлық мүгедектерді жазады. Аурудан жазылған халық оларға уәделері бойынша тоғыз түйе мен мінген аттары көтергенше қызыл алтын беріпті. Мұны көрген Махмуд та апарған затын аурудан жазылған адамдарға таратып береді. Махмудтың қасындағы жолдастары да қызыл алтыннан керегінше алады. Сол жерде жұмысын бітірген Махмуд екі апта дегенде еліне қайтады. Арада үш күн қонып, баяғы қыз жатқан ескі қыстауға келіп жетеді. Сол күні Жолдас баяғы қызды отаудан алып келеді. Қыз сол уақытта он төрт жасар, өзі дүниедегі сұлудың бірі екен. Бұны көрген Махмуд та, оның басқа жолдастары да таң қалысып тістерінің суын сорып отыра берген. Жолдас жоқ жерде өздері ойласыпты: «Бұл Жолдас ата, бізге бірінші олжаны берді, енді бұны бізге бермес және біз мұны да бізге бер десек, ұят болар», – десіпті. Таң атқан соң қызды алып, керуен еліне қарай жүреді. Кеш болғанда Махмудтың елінің шетіне жетеді. Соған дейін Жолдас Махмудқа ешқандай сыр бермепті. Бір уақыттары Жолдас қасына Махмудты шақырып алып оңашада былай депті: – Сендердің елдеріңнен шыққандарыңа бір ай уақыт болыпты. Мен де сол бір айдан бері сендермен жолдас болып, бір табақтан ас ішіп келемін. Бірақ осы бүгінге дейін мен саған бір ауыз сыр, ақыл айтпадым. Енді көп ұзамай бір-бірден бөлек кететін боламыз. Махмуд балам, сен әлі жассың, өміріңнің ішінде бірінші рет жолға шығып қайттың. Сенің көргеніңнен көрмегенің әлі көп, дегенмен саған сырымды айтайын. Мен осы Қырым ханының атақты батыры болдым. Сөйтіп, жүріп ханның Алтын орда хандығынан әкелген Зейнеп деген кіші әйелімен көңіл қосып, оны Қырымнан басқа бір елге алып қаштым. Содан бері отыз үш жыл болды. Мені сенің әкең Арзы жақсы біледі. Енді саған айтарым – сенің әкең Арзы менің бірге туған екі туысыма көп жақсылық етті. Оларды байытты. Бірақ менің туыстарым сенің әкең Арзының ол жақсылықтарын білмеді. Сондықтан әкеңнің оларға істеген жақсылығын осы сапарда сен арқылы мен қайтарып отырмын. Енді өз еліңе келдің, мына қыз да, тоғыз түйе алтын да сенікі. Осының өзі сенің өміріңе, кісіге қайыр етуіңе де жетеді. Өзің енді ұзақ жолға шықпа. Мына қыз сенің адал жарың. Мен енді өз еліме кетемін. Сен бұл сырды өлгеніңше тісіңнен шығарма, – деп, Жолдас өз жөнімен жүре беріпті. Сол күні кеште Махмуд өз үйіне аман-сау келіп, ата-анасына қауышқан екен. Арзы да баласының бірінші шыққан сапарында тауып қайтқан олжасына қатты қуанған екен. Әкелген қызын Махмудқа некелеп, неше күн той жасап, алтын қабақ аттырады. Сол күннен бастап Махмуд сауда жасауды да, ұзақ жолға шығуды да қойыпты.
English
Arzy the Merchant
Once upon a time, there was a famous merchant named Arzy in the city of Crimea. Although he was engaged in trade, he was kind to the people he employed and to the poor. For this reason, the people held him in high regard and called him Mr. Arzy. Later, those who took his livestock and became wealthy did not consider Arzy, comparing their wealth against him, and many opposed him. The reason was that Arzy had only one son, who was still young. Taking advantage of this, the merchants who were trading with Arzy caused him losses for three years without giving him any profit. Arzy himself had no one at home to manage his affairs while he was away on trade. Then he called his twelve-year-old son Mahmoud and said: “My son, I have grown old, and if I leave, there will be no one to manage the household. Therefore, my son, you should bear the harm that others bring upon me. This way, you will learn. If I die while you are learning, you will be left with nothing,” he said. These words of his father struck a chord with the boy. - “Father, if you send me, do not give me a lot of treasure on my first journey, and add five trustworthy men to accompany me,” the boy replied. Hearing this from his son, Arzy was pleased, thinking, “My son will not be worse than others,” and he held a feast to send him off. He loaded goods onto nine camels and added five young men to accompany his son. As Mahmoud was about to set off, he gave him two pieces of advice: - “While traveling, do not camp in deep valleys when it gets late! Do not camp in old wintering grounds just because there is shelter! Thieves and robbers often hide in such places,” he said. Mahmoud set off with his companions, and after two days of travel, on the evening of the third day, they encountered a middle-aged man with a horse and a short sword at his waist. He asked Mahmoud: - “Where have you come from, and which city are you going to?” Mahmoud replied that they had come from Crimea and mentioned the name of the city they were heading to. After answering the man's question, Mahmoud asked: - “Sir, where have you come from, and where are you going?” The man replied: - “Our village is not far from here, to the south. I am also going to the city you are heading to. My horse is unfit for travel; may I accompany you?” Mahmoud's companions opposed the man joining them. They were concerned because Arzy had trusted them with his son, and this man, even if he had a weapon, could be a danger. They feared that if they let Mahmoud out of their sight, they might lose him, especially if this man learned that they were truly going on a trading journey, he might become hostile towards them. However, Mahmoud, though young, knew of his father Arzy's kindness towards people. “My father said, ‘Do not run away from a person you meet on the road,’” he thought. “But do not reveal your secrets to someone you do not know well until you are sure of them. Therefore, let this man walk with us until he shows any ill intent,” Mahmoud said. Mahmoud then said to the man: - “Brother, it is good; we also need someone who knows the way like you. Please join us as a companion.” At that moment, the sun was setting, and it was time for evening prayers. Their horses and camels were tired, and when they looked around, they saw a large valley. Mahmoud, following his father's instructions, did not want to camp there. Then the man they met said: “Let’s take a chance and camp; I will take care of any trouble that comes from this valley,” he said. After hearing this, Mahmoud replied: “It is said that those who heed the words of the elders do not go wrong; if we are to camp, let’s camp!” While everyone was asleep, just before dawn, a whistling sound, like a gust of wind, reached the ears of the man who had joined them. He got up to see a dragon coming to devour them. At that moment, the man took his short sword and approached the dragon. As the dragon lunged at him, he struck with his sword, slicing through the dragon from its mouth to its tail, killing it. He did this without alerting Mahmoud or his companions, took the dragon far away, burned it, and collected its ashes in his pocket. Then he returned to his place and lay down again. In the morning, they all woke up safe and sound, had their meals, and set off. They traveled until evening and arrived near an old wintering ground. They were afraid to camp there, but the same man said: “Let’s take a chance and camp,” he said. In the middle of the night, while they were all asleep, the man who had joined them heard a terrible voice coming from the bad wintering ground. Taking his short sword, he went to the source of the sound and found an old house. It had three large doors, and after passing through two doors, he reached the last door and saw a beautiful girl sitting with seven giants. They were arguing over who would take the beautiful girl. Seeing this, the man with the short sword burst through the door, stepped back out, and hid at the threshold of the last narrow door. Not long after, the largest of the giants said: - “I smell a human; let me go check,” and he got up. He passed through the two doors to go outside, and as he bent down to enter the narrow door, the traveler struck the giant's head. Gradually, he killed the remaining giants, and when he entered the house, a beautiful young girl exclaimed: “I have a day to see a human!” and burst into tears. The traveler asked the girl: - “How did you end up in the hands of the giants?” The girl replied: - “I was the daughter of the chief minister of the king in the city of Merin. It has only been six months since my fame began to rise. They heard of me and waged war on our land, capturing me and bringing me here three days ago. However, according to their custom, they do not touch me until one of them claims me, so I have not suffered any harm yet. They have been arguing among themselves for three days. Now you must leave this place. I may die. They just said they smelled a human and are looking for you outside. If you manage to escape from them, please go to my homeland and tell them you saw me and send my regards; I beg you,” said the girl. Then the man who had killed the giants said: - “Do not worry, my dear; I have killed your enemies, the seven giants. You can stay here. I will take you back to your homeland when I return; there is no danger for you now,” he said. The girl, seeing the dead giants, was happy and waited for the man to return. Mahmoud and his companions were unaware of the events that had taken place during their stay in the valley and the bad wintering ground. In the morning, they set off safely. After several days of travel, they came upon a village. When they arrived, they saw that the people of that village were all missing one hand and one foot. When they inquired about it, they learned that these people were from the same place where they had camped in the valley. While they were there, a dragon in that valley used to eat one person every month. To escape from it, they had moved to this place. Since coming here, the entire population had lost one hand and one foot. Then the man who had joined them asked: - “How can you be cured of this?” The villagers replied: - “Only the one who has cured us from the dragon's poison can heal us,” they said. Then Mahmoud's companion asked: “What would you give to the one who cures you of this illness?” Hearing this, the disabled villagers said: - “If you cure us of this illness, we would give you as much gold and precious gems as the nine camels can carry,” they said. Mahmoud, intrigued by the promise of gold and gems, thought to himself as he looked at the man who had joined them: - “If this man cannot cure this illness, he would not have asked. He must be a knowledgeable person. I have traveled with him for several days and have not asked his name. Perhaps if he cures them, I will return from my first journey with a bounty. I should ask his name,” he thought. - “Sir, what is your name?” he asked. The man replied: “My name is Joldas.” Mahmoud then said: - “Sir, how can these people be cured? If you did not know, you would not have asked; you inquired about everything concerning their situation. They have shared everything they have experienced with us. If you can, please heal them. Goodness begets goodness; may this people be healed through you. We will share the nine camels and the red gold!” At that moment, Joldas said: - “I am not a person who seeks wealth; I have been traveling for you. Therefore, I will heal this people in seven days. Whatever they give you is yours,” he said. Thus, on the day they camped in the valley, with the ashes of the dragon he had collected, he healed all those who were missing a hand and a foot. The healed people, as promised, gave them nine camels and as much red gold as their mounts could carry. Seeing this, Mahmoud distributed the items he had brought to the healed people. Mahmoud's companions also took as much red gold as they needed. After finishing their work there, Mahmoud returned to his homeland in about two weeks. After three days of resting, he arrived at the old wintering ground where the girl was. On that day, Joldas brought the girl out of the house. The girl was now fourteen years old and one of the most beautiful in the world. Seeing her, both Mahmoud and his companions were astonished and sat there, mesmerized. While Joldas was not present, they conspired: “This Joldas has given us the first bounty; now he may not give us this girl, and it would be shameful to ask him for her,” they said. At dawn, they took the girl and set off towards their homeland. By evening, they reached the outskirts of Mahmoud's village. Until then, Joldas had not revealed anything to Mahmoud. At one point, Joldas called Mahmoud aside and said privately: - “It has been a month since you left your homeland. I have been traveling with you for that month, sharing the same food. However, until today, I have not shared a word of wisdom with you. Soon, we will part ways. Mahmoud, my son, you are still young; this is your first journey. You have much more to see than what you have seen. Nevertheless, I will share my secret with you. I was a famous warrior of the Khan of Crimea. During my travels, I fell in love with the Khan's minor wife, Zeynep, whom I brought away from Crimea to another land. It has been thirty-three years since then. Your father Arzy knows me well. Now I want to tell you that your father Arzy has done much good for my two relatives. He has enriched them. However, my relatives did not know of your father's kindness. Therefore, through you, I am repaying your father's goodness on this journey. Now that you have returned to your homeland, this girl and the nine camels of gold are yours. This alone will suffice for your life and your generosity. Do not embark on long journeys again. This girl is your faithful wife. I will now return to my homeland. Keep this secret until your death,” Joldas said and went on his way. That evening, Mahmoud returned home safely and was reunited with his parents. Arzy was very happy with the bounty his son had brought back from his first journey. He married the girl to Mahmoud and held a celebration for several days, giving her a golden bridal veil. From that day on, Mahmoud ceased to engage in trade or embark on long journeys.