Back to corpus

Арыстан күшігін асыраған мысық

Бір мысық қаңғырып жүріп, анасы өліп қалған арыстанның күшігіне кез болады. Мысық күшікті бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы жыртқыш аң болып, өз азығын өзі табатын халге жетеді. Бір күні ашыққан арыстан өзін асыраған мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағаш басына шығып кетеді. –...

ATU СУС230
Kazakh
Арыстан күшігін асыраған мысық
Бір мысық қаңғырып жүріп, анасы өліп қалған арыстанның күшігіне кез болады. Мысық күшікті бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы жыртқыш аң болып, өз азығын өзі табатын халге жетеді. Бір күні ашыққан арыстан өзін асыраған мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағаш басына шығып кетеді. – О, менің ақ сүтін емізіп асыраушым! Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бар қылықтарды үйреткенде, ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? – дейді. – Қысылғанда керек болар дегенім еді, – депті сонда мысық.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.