Back to corpus

Мысықтың түлкіге қонақ болуы

Бұрынғы заманда айуандардың өзінің арасында патшасы болған. Патша келген уақытта айуандардың бәрі оған құрмет қылып тұратын болған. Бір күні мысық түлкіге қонаққа барады дағы: «Мен жер жүзіндегі айуанның патшасымын, маған сойыс әпкел», – деп түлкіге жарлық қылады. Түлкі бұған сойыс іздеп аю мен қасқырға барады. Оларға...

ATU 103 ATU 103А ATU СУС103
Kazakh
Мысықтың түлкіге қонақ болуы
Бұрынғы заманда айуандардың өзінің арасында патшасы болған. Патша келген уақытта айуандардың бәрі оған құрмет қылып тұратын болған. Бір күні мысық түлкіге қонаққа барады дағы: «Мен жер жүзіндегі айуанның патшасымын, маған сойыс әпкел», – деп түлкіге жарлық қылады. Түлкі бұған сойыс іздеп аю мен қасқырға барады. Оларға айтады: «Менің үйіме бүтін жер жүзіндегі айуандардың патшасы келіп, «маған сойыс тап» деп, жарлық қылды, сойыс беріңдер», – деп аю мен қасқырға айтады. Аю мен қасқыр бір қойды ұстап алып келіп: «Мә, осы қойды сойысқа бер», – деп бір қой берген. Енді түлкі айтады: – Сендер біреуің барып сойып беріңдер, мен баруға қорқам. Түсі тегі жаман, көзі қып-қызыл. Аю мен қасқыр: «Сен өзің барып сойып бер, бізден гөрі аз да болса танысып қалдың», – деп түлкінің өзін жібереді. Түлкі барып қойды сойып, пісіреді. Дайын болған уақытта «патша қалай жейді екен, патшаның жегенін көреміз» деп, аю ағаш басына шығып отырады. Қасқыр ағаштың жанындағы шөпке жасырынады. Түлкі етті пісіріп, патшаны шақырады. Мысық етті жұлып-жұлып жеп жатса, жанындағы шөп астында бір нәрсе қимылдай бастайды. Мысық тышқан алуға үйреніп қалған емес пе, шөп үстіне секіріп мінгенде, қасқыр тұра кеп қашады. «Патша бізді көрген екен», – деп алды-артына қарамастан жоғалады. Сонан соң мысық ағаш басындағы қимылдаған нәрсені көріп, ағаш басына жүгіріп шыққанда, аю мені өлтіргелі келе жатыр екен деп, ол да ағаш басынан түсіп қашады. Солай қылып, мысық алдап сойысын жеп, үйіне қайтады.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.