Back to corpus

Мысық пен тышқандар

Мысық бір күні тышқандарды қонаққа шақырып хабарландырыпты. Тышқандар хабарландыруды тапсырып алған соң: – Мысық бізбен қылыштасқан жау еді. Бүгін неғып қонаққа шақыратын дос бола қалды, бір сұмдық бар ма, қалай? – деп қауіптеніп, ақыры қонаққа барысады. Мысық басына сәлдесін орап, «қонақты» қарсы алып, алдарынан шығып...

Kazakh
Мысық пен тышқандар
Мысық бір күні тышқандарды қонаққа шақырып хабарландырыпты. Тышқандар хабарландыруды тапсырып алған соң: – Мысық бізбен қылыштасқан жау еді. Бүгін неғып қонаққа шақыратын дос бола қалды, бір сұмдық бар ма, қалай? – деп қауіптеніп, ақыры қонаққа барысады. Мысық басына сәлдесін орап, «қонақты» қарсы алып, алдарынан шығып, үлкен қошамет көрсетіп: – Қонақтар үйге кіріңдер, төрге шығыңдар, – деп құрмет білдіріпті. Дастарқан жайып, тамақтарын алдарына қойған соң, мысық тамағын қырынып: – Қонақтар, тамақ алыңдар, өткенде ел де болдық, жау да болдық. – Өткен өтті, енді қайталамайық, – дейді. Тышқандар қол қусырып, бастарын изесіп, раздықтарын білдіріп, рақымет айтады. Тамақтарын ішіп-жеп дастарқан жиылған соң, мысық: Тышқан жеген, кемірген, тескен заттарды жинап әкеліп, тышқандардың алдына қойып, мұны кім істегендігін, кім жауапкер екендігін сұрағанда, тышқандар: «Бүлінген затқа бір, мысыққа бір қарап, дауысын шығара алмай, «біз» дегендей, тұмсықтары жыбырласыпты. Сонда мысық орнынан атып тұрып, есікті тарс жауып алып, сәлдесін жұлып тастап: – Тышқандар, сендердің қылмыстарың ауыр, кешіруге болмайды. Мен ақ сәлдемді тастадым, баяғымды бастадым, – деп тышқандарды шетінен қырыпты. Содан бері ел аузында «мысықтың тышқанды қонаққа шақырғанындай» болып жүрмесін дейтін аңыз тарапты.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.