Back to corpus

Мысық пен шортан

Бір шортан жүзіп судың тереңінде, Мысықтың болды құмар өнеріне. «Мені де қалдырма» деп қырға шықсаң, Мысыққа жалынады келеді де. «Ұстасып саған тышқан сүзектерден, Болайын һәр дайында көмегіңде». Қой деді мысық айтты қырға шықпа, Жетеді суда балық керегіңе. Біле алмай іс мәнісін қор боларсың, Көнеді әр қызмет шеберіне....

Kazakh
Мысық пен шортан
Бір шортан жүзіп судың тереңінде, Мысықтың болды құмар өнеріне. «Мені де қалдырма» деп қырға шықсаң, Мысыққа жалынады келеді де. «Ұстасып саған тышқан сүзектерден, Болайын һәр дайында көмегіңде». Қой деді мысық айтты қырға шықпа, Жетеді суда балық керегіңе. Біле алмай іс мәнісін қор боларсың, Көнеді әр қызмет шеберіне. —«Бұйым ба» шортан айтты—тышқан маған, Далада тышқан қалмас ұсталмаған. Сартұқыс, алабұғы, аққайрандар, Ұсталмай суда балық кеш қалмаған. Ұстарым тышқан түгіл қос аяқты, Тек қана құс болмасын ұшқан маған. Ұстатпай шалағыға кеңіп оздың, Зор ма еді тышқаның да құс таңдаған. «Онда сен кел, шығайық сапар жолға, Жол болып сапарымыз басқай оңға. Құс қосып тышқандарды жоймақ болып, Екеуі судан аулақ шықты жолға. Ол шортан қалай жүреді қара жерге, Көрмедім болмаған соң өзім онда. Әйтеуір тышқандардың мол жеріне, Мысық пен ода келді қалмай соңға. Шортанға бір қонысты бөлек беріп, Кетеді мысық жортып оң мен солға. Тышқанды мысық екең қырды дейді, Бір талай ермек етті қарны тойды. Тышқанның біразына болып ажал, Шаршады, жалығады қанады ойын. Жолдастың халін, жайын білейін деп, Шортанға бармақ болып қадам қойды. Келеді «жетіскей» деп мұратына, Досына ойламады жаман ойды. Жанына келе қалып білейін деп, Созылып шортан жатыр өлейін деп. Жеп болып алда қашан май құйрығын, Қалғанын тышқандар жүр бөлейін деп. Аңызға желбезегі кеуіп болып, Көздері бұлдыраған сөнейін деп. Көрген соң жан серігін кеткен алып, Ұқсатпай әлі келіп шаруаны. Балыққа тыңғылықты болса дағы, Жүрмеген тышқандарға аруағы. Шортанды салып алып арқасына, Әкелді салбыратып суға сүйреп. Қалсын деп тым болмаса жатыр жаны, Шортан-ау осы саған тәуір сабақ. Тимесе сен білмейсің шекеңе нақ, Аулама бұдан былай қырдан тышқан. Шабақ жеп көр күніңді, суыңнан-ақ, Тырнақтай тіршіліктен тәжірибең жоқ. Ұялмай айтайыншы туралап-ақ, Жігіттер бұл мысалдың керегі не? Бұл мысал мисалданған нелеріне, Тіршілікте бәрі де асар керегіңе. Бала оқыт, дәрігер бол, қағазды жаз, Қызығып қауым халық өнеріне. Болғансын бірақ қамал асыларға, Көнеді бәрібір жұмыс шеберіне. Жұрт күлер шала білген өнеріңе, Қарамай алды-артыңа құлаш ұрып, Су білмес суға түсер өлерінде».
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.