Back to corpus

Шегіртке мен құмырсқа

Шегіртке селдір қанат серке санды, Өткізді өлеңменен бүкіл жазды. Онсыз да қыс болғанын білмей қалып, Ұрынды көзі көріп ақша қарды. Жарқырап қауыс туды жауын жауып, Жүруге болмай қалды құрып сауық. Гүлдердің арасында өскен сансыз, Жер көлден таба алмады тамақ тауып. Жаз күні әзір еді жеген асы, Кез келген тамақ еді шөп...

Kazakh
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке селдір қанат серке санды, Өткізді өлеңменен бүкіл жазды. Онсыз да қыс болғанын білмей қалып, Ұрынды көзі көріп ақша қарды. Жарқырап қауыс туды жауын жауып, Жүруге болмай қалды құрып сауық. Гүлдердің арасында өскен сансыз, Жер көлден таба алмады тамақ тауып. Жаз күні әзір еді жеген асы, Кез келген тамақ еді шөптің басы. Ол күндер, іздесе де, қолға түспес, Бұзылды шегірткенің шаруасы. Салынып суға кеткен қанаттары, Жабылған қайғы шегіп қабақтары. Жалаңаш аттықбенен қабат келіп, Батырды алды-артына қаратпады. Серейіп қол-аяғы әбден тоңып, Жүруге илікпеді ұшып-қонып. Келеді сүйретіліп құмырсқаға, Тапқаны бейшараның осы болып. Айтады құмырсқаға келіп жайын, Өлтірмей бір көрсет деп жаздың айын. Сұратпай жыл шыққан соң қарызданды, Екі есе қайырам деп етіп дайын. «Әй, жаным, сау едің ғой, жаздың күні, Алмадың жинап неге оны-мұны. Бергендей аз азықтан ауыстырып, Бұл күнде шаруаңның бар ма сәні?!». «Өткіздің ауырмай-ақ жаздың күнін, Ән салдым, сауық құрып таппай тыным. Қалғанын қыстың болып білмей қалып, Осыным құмырсқа жан адал сырым». «Жаз күні жимай азық құрсаң сауық, Оның бір ақыл екен еткен тауып. Ән салып жазды өткізсең, қысты да өткіз, Етесің әндерің бар неден қауып?!». Таңырқат жұрттың бәрін өлең айтып, Сауықпен сайран салып атыр таңды. Ылайық сен жегендей үйде ас жоқ, Ас қылып не қыласың қатқан нанды. Көп тұрма жарықтығым біздің үйде. Қор болып бой үйретпе мұндай күйге, Қар жұмсақ, күн шағырмақ дала жақсы, Әнге сал, құр сауықты жәңе биле!». Құмырсқа осыны айтып шықты қуып. Шегіртке жылап кетті көзін жуып, Серейіп аяқтары қатып қалды. Далада тұла бойын алып суық. Жігіттер күтініңіз әуел бастан, Керекті өнерлерді біліп бастан. Күніңде жинап азық қиналмасаң, Қаларсың қартайғанда өліп аштан.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.