Хоралас руының тегі жайлы

Ұлы жүз Дулаттың баласы Ботпай өз заманында елден асқан байдың бірі болған. Осы Ботпаймен замандас Хорасан қожаның тұқымы Аннақ ишан өтіпті. Аннақ ишан ел-елді аралап ислам дінін үйреткен. Ишанның қасында Тәсін қожа баласы діндар, емші Алдияр деген кісі бірге жүрген. Күндердің күнінде жолы түсіп, қожалар Ботпай ауылына...

Kazakh
Хоралас руының тегі жайлы
Ұлы жүз Дулаттың баласы Ботпай өз заманында елден асқан байдың бірі болған. Осы Ботпаймен замандас Хорасан қожаның тұқымы Аннақ ишан өтіпті. Аннақ ишан ел-елді аралап ислам дінін үйреткен. Ишанның қасында Тәсін қожа баласы діндар, емші Алдияр деген кісі бірге жүрген. Күндердің күнінде жолы түсіп, қожалар Ботпай ауылына келеді. Ботпай ишанды үлкен құрметпен қарсы алып, ауылына үш ай ұстап қонақ қылады. Сонан бір күні бай елін жинап, ишанға төрт түлік малдан нәзір береді де: «Тақсыр, Ишан, сізбен құдандал болайын, мына қызым Қалыкүлді қалыңсыз сіздің жолыңызға қидым», – дейді. Аннақ Ишан жанындағы Алдияр қожаға Қалыкүл қызды таныстырады. Сол күннен бастап Алдияр қожа Қалыкүлмен бірге тұра береді. Ишан үш айдан кейін басқа жолдастарымен қыруар олжасымен еліне қайтады. Алдияр қожа елшілік жұмысымен айналысып, бір жылдан астам уақытқа Ботпай ауылында қалып қояды. Алты айдан соң Ботпай ауылына қалмақтар шабуыл жасап, бар малын айдан әкетеді. Сол шапқыншы қалмақтармен соғыста Ботпай ауылының көп адамдары қырылып, солармен бірге Алдияр да қаза болады. Жаугершіліктен кейін Алдиярдың әйелі Қалыкүл әкесі Ботпайдың үйінде ұл туыпты, бірақ көп ұзамай Қалыкүл қайтыс болған. Жаңа туған сәбидің атын Ботпай «Хоралас» қойып, бәйбішесінің қойнына салып, тәрбиелеп өсірген. Хораластан екі бала: Қарақойлы, Қарақосай дүниеге келеді. Хораластың әулеті – қожа, ұлты – араб.
English
This language variant is not available
This language variant is not available