Сахабалар тарихы (І нұсқа)

Замандардан заман өткенде бұрынғылар өліп, таусылып қалғандарға нәубет жеткенде: «Араб жұртынан бір Мұхаммед деген пайғамбар шығыпты» деп, әуезесі айдай әлемге жайылып кеткен-ді. Түркістан аймағынан, Түркі ұрпағынан Үшоқ нәсілінен «Тоқсан екі баулы Қыпшақ» атанып тұрған заманда тоқсан екі батыр атқа мінді дейді: «Сол п...

Kazakh
Сахабалар тарихы (І нұсқа)
Замандардан заман өткенде бұрынғылар өліп, таусылып қалғандарға нәубет жеткенде: «Араб жұртынан бір Мұхаммед деген пайғамбар шығыпты» деп, әуезесі айдай әлемге жайылып кеткен-ді. Түркістан аймағынан, Түркі ұрпағынан Үшоқ нәсілінен «Тоқсан екі баулы Қыпшақ» атанып тұрған заманда тоқсан екі батыр атқа мінді дейді: «Сол пайғамбарды барып көрелік! Жақсы болса, жанына жолдас болып ерелік!» – деп. Мінген көліктері – ат, ұстаған қарулары – бір-бір сойыл. Құрғақ шөлмен жүріп барса, Мұхаммед пайғамбар екі соғысты мұнан бұрын өткеріп, үшінші соғыстың үстіне барған екен-ді. Жан-жақтан ереуілдеп шаң шығады екен де, шаңдатып келе жатқандар кәпірлер тобына қосыла береді екен. Мұсылманға үйден шыққан өздерінен басқа ешкімнің шаңы қосылмайды екен. «Күншығыстан бір шаң шықты, о да кәпірлерге қо сылады ғой!» – деп тұрысып еді. Бұл шаң кәпірлерге барма ды, мұсылмандар тобына келіп килікті. Аң хазретіміз[ге] Мұхаммед Мұстафа ғалайссалам ғараб тілімен сөйлеп еді, білмеді, парсы тілімен сөйлеп еді, білмеді. Хазірет Әбубәкір Сыддық (Алла разы болсын!) көлденеңдеп жетіп келді: – Ия, Расул Алла, – дейді, – Менің атам – Қыхафа (Қыжафса, Қыпшақ) Түркістаннан келген екен. Бұлар Түркістан жұртының саяқтары болса керек. Түркі тілімен айтсаңыз, білер! – дейді. Түркі тілімен сөйлеп еді, бастарын изеп, шұлғып оқырана түсті: – Өзіміз әдейі сізге біріміз – оқ, біріміз – жақ болып, қазылған жол, шашылған топырағыңызда арқамыз соқпақ, басымыз омақа болсын! – деп келдік! – деп, кәпірге қарай лап қоя шауып, дүрсе қоя берді. «Кірген жерін – есік, шыққан жерін – тесік» қылып, лездің арасында апа-сапа: кәпірлер – қой, бұлар бір оған тиген топалаң есепті болып, көп кәпір мұсылман дініне кіріп, бұрын-соң көрмеген тамаша майдан болды. Сонда бұлардың батырбасы, азаматы – Ақкөсе екен де, оған таяулары: Мәлік, Ақтам, Құтқожа, Имамбайыр дегендер екен. Сонда Пайғамбарымыз шаттанған (шадланған): – Алла түркі ғайри мен үмматы! – дегенде, Сүлеймен парсы сахаба ұғып алып: – Алла түркі, – дегенде, Ақкөсе бабамыз ұғып алған екен. Сонан кейін бұлар қалған өмірін Пайғамбар қасында өткізіп, ансарылардан саналған екен. «Мұһажирин ансары!» деген – Құм Құбыла ұруы. «Құм» ел аты емес. Меккеден Пайғамбарды іздеп, қажылық қылып көшкендер: «Мұһажирин» аталған екен де, Пайғамбарға болысып, күш-көмек бергендер: «Ансары» аталған екен. «Уалсабқұн лаууалун мин әл-Мұһажирин уа әл-Ансары»: Бәйгенің озып алдын алған – «Мұһажирин» мен «Ансарылар» делінген сөз екен. Ақкөсе мен Мәлік екеуі бір ағайынды, Нәзір деген әкелерінің аты екен. Мәліктен – Әнес туады да, сол Әнестің үрім-бұтағынан: Түрікпен, Қарақалпақ, Қазақ тарайды. Ерте заманда бұрынғы ата-бабаларымыз: «Біз Ақкөсе сахабадан екенбіз» деп жүргені, Пайғамбар дүниеден қайтқаннан кейін: «Мұныхтырса» (Мохтырса) деген кәпірмен соғыс ашамыз!» – деп, хазірет Ғұмардың халифа күнінде Ақкөсе, Имамбайыр, Құттықожа сахабалар Қаратауда шаһид болып, зиараттары сонда болғандықтан: «Ақкөсе сахабамыздың моласы», – деп зиарат қылғандықтан: «Соның ұрпағымыз» – деп жүргені – сол екен. Бұл күнде Қаратаудың күнбатысында. Ол кісіні: «Домбы ата» десе, жұрт біледі.
English
This language variant is not available
This language variant is not available