Асыл [Түңқатар балаларының «Шала қазақ» атануы]

Байбағыстың екінші ұлы Түнқатар саудагерлікпен айналысқан адам екен. Осы кәсібімен Қазанға барғанда бір әйел алады. Ол әйелінің тілінің мүкісі болғандықтан қазақ арасында тым сіңісе қоймаған көрінеді. Түнқатардың Бұқара, Самарқандқа барып жүріп алған екінші әйелі сарт болады. Бірі – ноғай, бірі – сарт екі әйелдің балал...

Kazakh
Асыл [Түңқатар балаларының «Шала қазақ» атануы]
Байбағыстың екінші ұлы Түнқатар саудагерлікпен айналысқан адам екен. Осы кәсібімен Қазанға барғанда бір әйел алады. Ол әйелінің тілінің мүкісі болғандықтан қазақ арасында тым сіңісе қоймаған көрінеді. Түнқатардың Бұқара, Самарқандқа барып жүріп алған екінші әйелі сарт болады. Бірі – ноғай, бірі – сарт екі әйелдің балаларының да тілі қазақша сүріншектеу болса керек. Сапырылысып көшіп-қонып жүрген заманда Түнқатардың балалары көбінесе Арқадағы Қарқаралыға қоныстанады екен. Ондағы қазақтар: «мыналарың қазақ емес, шала қазақ қой» деп жүріп, ақыры олар «шала қазақ» атаныпты. Содан бері олардың бір ауылы «Шала қазақ» атанған күйі Қарқаралы төңірегін қоныстанып, біржолата қалып қойыпты.
English
This language variant is not available
This language variant is not available