Ошақты туралы

Жәлменбеттің үшінші жұбайының аты – Тұмар. Қартайғанша шашы ағармапты. Сондықтан жасы кішілер ол кісіні «Қарашаш ана» деп атайтын болыпты. Одан туған баланың аты – Атша бар. Бұл есім ру атын алып кете алмайды. Одан жараған үрім-ұрпақ «Ошақты» атанып кетеді. Ол жөнінде мынадай аңыз бар: Енші алу рәсімінде Тұмардың алдын...

Kazakh
Ошақты туралы
Жәлменбеттің үшінші жұбайының аты – Тұмар. Қартайғанша шашы ағармапты. Сондықтан жасы кішілер ол кісіні «Қарашаш ана» деп атайтын болыпты. Одан туған баланың аты – Атша бар. Бұл есім ру атын алып кете алмайды. Одан жараған үрім-ұрпақ «Ошақты» атанып кетеді. Ол жөнінде мынадай аңыз бар: Енші алу рәсімінде Тұмардың алдына боз биені жетелеп әкеліп, оның «сауырын тамғала» деп қолына ыстық көсеу беріпті. Ол қып-қызыл көсеумен бие санына үш бұрыш тұмарша тамға басыпты. Сол тамғаны кейін ел-жұрт «үш аяқты ошақ тамға» деп кетіпті. Бұл аңыздың бірінші түрі. Екіншісі – ауылға жау шапқанда біреу малын жетектеп, екіншісі көрпе-төсегін арқалап қашқанда, Тұмар ана үш аяқты ошағын ала қашыпты. Үшіншісі – ұлы Атшабарды ошақ басында босаныпты дегенге саяды.
English
This language variant is not available
This language variant is not available