Kazakh
Қаттықұлақ
Бименбеттің ағасы, Таздың екінші баласы Бәйімбеттің ертерек қайтыс болуына байланысты Қайып атты бір баламен әйелі жесір қалады. Бименбет жесір жеңгесіне әмеңгерлік жолмен қосылып, Қайыпты тәрбиесіне алады.
Бименбеттің бірінші әйелінің қара, жеңгедей алған екінші әйелінің сары болуына байланысты, ел біріншісінен тараған ұрпақты «Қаракемпір», екіншісінен тараған ұрпақты «Сарыкемпір» атандырып, ағайынды екеуінің аттары аталмай қалады. Бименбеттің құлағының ауырлығына байланысты ел «Қаттықұлақ» деп атаған.