Орта жүздің алты қожадан тарауы туралы (ІІ нұсқа)

Жанарыс [тың] екі қатыны болыпты, бірде-бірінің пұшпағы қанамай: «Бізге көру қайда, Жас иісті баланы-ай!» – деп, зарығып, қамығып жүрген күндерінде ойламаған жерден алты қожа кез болып, қона қалыпты. Ой, Құдай-ай, Берді ғой бала беретін Әулиелер келді ғой! Сыйынбасам, маған серт, Қолдамасаң, саған серт! Сарт болсаң, са...

Kazakh
Орта жүздің алты қожадан тарауы туралы (ІІ нұсқа)
Жанарыс [тың] екі қатыны болыпты, бірде-бірінің пұшпағы қанамай: «Бізге көру қайда, Жас иісті баланы-ай!» – деп, зарығып, қамығып жүрген күндерінде ойламаған жерден алты қожа кез болып, қона қалыпты. Ой, Құдай-ай, Берді ғой бала беретін Әулиелер келді ғой! Сыйынбасам, маған серт, Қолдамасаң, саған серт! Сарт болсаң, садағам кет! – деп, алтауына алты қой сойыпты: «Кір-қоңдарыңды жудыр, аттарыңды тынықтыр. Осы қойлардың етін жеп тауыспай, жібермеймін! – деп. Сонда қожалар мұның шын құлап, ықылас қылған пейіліне риза болып: – Осы алтауымыз да атымызды бердік. Алты ұлға ата боласың! – деп, баталарын беріпті. Аттары: Қарақожа, Аққожа, Ақтамбердіқожа, Дарақожа, Смағұлқожа, Қосымқожа. Сонан соң қатындар буаз бола бастап, бәйбішеден – төртеу, тоқалдан екеу туыпты. Алтауына алты қожаның атын қойыпты. Бәйбішеден туған төрт бала: Қарақожа, Аққожа, Ақтамбердіқожа, Дарақожа. Қарақожадан – Арғын, Аққожадан – Найман, Ақтамбердіқожадан – Қыпшақ, Дарақожадан – Қоңырат, Тоқалдан туған – Смағұлқожа, Қосымқожа. Біреуінен – Керей, біреуінен – Уақ.
English
This language variant is not available
This language variant is not available