Айдабол, Қаржас – емшектес (ІV нұсқа)

Көшкіншілік-үркіншілік кезінде Мейрамсопыдан туған Қуандық пен Сүйіндік бір бала тауып алады. Балаға екеуі таласып, бір пәтуаға келе алмайды. Сөйтіп, шешесі Нұрпияға жүгінеді. Нұрпия ана асық қаржылаңдар (иіріңдер) депті. Қуандық жасының үлкендігіне, мінезінің адуындығына бағып: – Алшы түссе де, тәйке түссе де, бүк түс...

Kazakh
Айдабол, Қаржас – емшектес (ІV нұсқа)
Көшкіншілік-үркіншілік кезінде Мейрамсопыдан туған Қуандық пен Сүйіндік бір бала тауып алады. Балаға екеуі таласып, бір пәтуаға келе алмайды. Сөйтіп, шешесі Нұрпияға жүгінеді. Нұрпия ана асық қаржылаңдар (иіріңдер) депті. Қуандық жасының үлкендігіне, мінезінің адуындығына бағып: – Алшы түссе де, тәйке түссе де, бүк түссе де, шік түссе де – менікі, – деп отырып алыпты. Сүйіндік шешесіне шағынып: Апа-ау, осындай да қиянат бола ма екен? – десе, Нұрпия шешесі: Балам, бұйырғаны болар, асықтың «омпа» деген бесінші жағы да бар емес пе? – депті. Содан, асықты қаржып жібергенде омпа түсіп, бала Сүйіндікке бұйырып, сол баланың «Қаржас» атануы – осыдан еді дейді. Бұл кезде Сүйіндіктің әйелі жас босанып отырса керек, Айдабол деген баласы бар екен. Жас ана Айдабол мен Қаржасты қатар емізіп өсіріпті. Әлгі «Айдабол, Қаржас – емшектес» деген сөз содан қалған дейді.
English
This language variant is not available
This language variant is not available