Кәрсен аталуы

Тәңірімбердінің бәйбішесі Бибі баладан ерте тоқтап қалыпты. Оған Тәңірімбердіден үш бала: Дүзей, Есенаман, Наурызымбет бұйырады. Бибінің ойында: «Керней жуан ата болып өсіп келеді, біздің балалардың ертеңі не болар екен?» – деген ой жүреді. Сол тұста апасын іздеп Бәтима сіңілісі келе қалады. Сөйтіп, жездесінің үйінде е...

Kazakh
Кәрсен аталуы
Тәңірімбердінің бәйбішесі Бибі баладан ерте тоқтап қалыпты. Оған Тәңірімбердіден үш бала: Дүзей, Есенаман, Наурызымбет бұйырады. Бибінің ойында: «Керней жуан ата болып өсіп келеді, біздің балалардың ертеңі не болар екен?» – деген ой жүреді. Сол тұста апасын іздеп Бәтима сіңілісі келе қалады. Сөйтіп, жездесінің үйінде ерулеп жатқанда шабыншылық басталып кетіп, қыз еліне қайта алмай қалады. Ертеңін ойлаған ақылман Бибі сіңлісін қайтармайды. Кейін оны Тәңірімбердіге некелеп өзі қосады. Бәтима шешеміз Тәңірімберді әкемізден Алданазар, Бабаназар, Бекназар, Ерназар, Құлназар есімді бес бала көреді. Бұл бесеуін ел ішінде «Бесназар» атайды. Бірде әлгі қалмақтар тағы да сау ете түсіпті. Сонда, Майқы, Машай баласы абыржығанда Бибі кәрін шақырып, Көктеңіздің бер жағын көлге толтырыпты. Қаптаған қалмақ теңіз асып келгенде тағы да көл көреміз деп ойламаса керек. Таңертең қараса, жан-жағы кілкіген көл дейді. «Қарсүн, қарсүн» деп шуласыпты қалмақтар. Содан әрі тұрып, бері тұрып, кері қайтыпты. «Қарсүн» дегендері қалмақша «көп көл» деген сөз екен. Сөйтсе, қалмақтардың әлгі «көп көл» деп жүргендері ойдым-ойдым сорлар екен. Соны Бибі қалмақтардың көзін байлап, көл қылыпты. Осыдан кейін Бибі біржолата «Қарсүн» аталады. Кәрсеніміз – осы Қарсүн.
English
This language variant is not available
This language variant is not available