«Арғын болдың, әркім болдың»

Бұл Арғынның ішінде «Төлек», «Қырық мылтық» деген қара бауырлары бар кеше Кенесары-Наурызбай заманында, қырғыздың соғысында аты аталған батырлардың бірі болған Шәкір мен Төлебай – сол Жәуке Тоқал арғын Төлек деген таптан шыққандар. Шәкір – ноғай, Төлебай – Қырғыз Жәуке батырдың бұрынғы аты. Төлектің – Бөлек екендігіне...

Kazakh
«Арғын болдың, әркім болдың»
Бұл Арғынның ішінде «Төлек», «Қырық мылтық» деген қара бауырлары бар кеше Кенесары-Наурызбай заманында, қырғыздың соғысында аты аталған батырлардың бірі болған Шәкір мен Төлебай – сол Жәуке Тоқал арғын Төлек деген таптан шыққандар. Шәкір – ноғай, Төлебай – Қырғыз Жәуке батырдың бұрынғы аты. Төлектің – Бөлек екендігіне ақындардың мына бір өлеңі дәлел, Арғынның бір ақыны мұны айтқан: А, Жәуке, қастастың ба Төлекпенен, Арғыннан шығып жүрген Бөлек бимен. Төлекті сен ұрғанда, мен де ұрайын, Бір салып қолымдағы көнекпенен. «Аздың – атасы бір» деп, Қырық мылтық, Төлек бірыңғайлас болады. Бұл жақтағы Аргүл мен Момыннан туғандары: «Алты атаның ұлы Арғын» аталады. Ол жақтағы Айнакөз бен тағы кісі білмейтұғын қатындардан туған төрт жалғыз бар. Айнакөзден – екеу, ол төртеуі – алты ата болып, шын Арғын он екі атаның ұлы болады. Солай болғандықтан бұрынғылар айтқан: «Арғын болдың, әркім болдың» деген көптің сөзі дәлел.
English
This language variant is not available
This language variant is not available