Әлеуке

Орта жүз Тарақты тайпасы он екі рудан құралған. Олар: Қыдыр, Жәші, Әлі, Сары, Әйтей, Қосанақ, Қарашие (Көгедей), Келіс (Әлеуке), Алакөз, Шәуке, Апай, Тоқтауыл рулары. Шежіре дерегінде Келістің әйелі Әлеуке деген кісіден ұл бала болмапты. Содан, өзімен қадірлес күндесінің (Келістің екінші әйелі) баласын етек астынан жер...

Kazakh
Әлеуке
Орта жүз Тарақты тайпасы он екі рудан құралған. Олар: Қыдыр, Жәші, Әлі, Сары, Әйтей, Қосанақ, Қарашие (Көгедей), Келіс (Әлеуке), Алакөз, Шәуке, Апай, Тоқтауыл рулары. Шежіре дерегінде Келістің әйелі Әлеуке деген кісіден ұл бала болмапты. Содан, өзімен қадірлес күндесінің (Келістің екінші әйелі) баласын етек астынан жерге түсірмей көтеріп алып, бауырына басқан екен. Сол баланың өсіп-өнген тұқымы Әлеуке апасының есімімен аталып кетіпті. Қария сөздің келесі бір нұсқасы бойынша Әлеуке Қарашиенің (Көгедей) бәйбішесі еді дейді. Ал Келіс Қарашиенің тоқалынан туған бала болса керек. Әлеуке бәйбіше бала көтермеген соң Келісті бауырына басып, бала етіп алыпты. Әлеуке бәйбіше ақылды да алғыр, адуын адам болыпты. Әулет-атаға ғана емес, ауыл-аймаққа сөзін өткізіп, билігін жүргізіп отырады екен. Ақылды бәйбішесін Қарашие де бетінен қақпай, қайта мақтан тұтып, «бәйбіше біледі» деп отыратын болыпты. Содан, Қарашие қартайып, есейген балаларына енші бөлерде Әлеуке бәйбіше: «Тоқалдың балалары өз алдына еншілес бола берсін, менің баламның еншісін бөлек ата!» – деп, Келісті жеке-дара енші иесі етіпті. Он екі ата тарақтының ішінде Келістің (Әлеукенің) өз алдына бір ата болуының және «Әлеуке-Көгедей» деп екі атаның қатар аталуының сыр-себебі осыдан еді дейді.
English
This language variant is not available
This language variant is not available