Kazakh
Өкіреш найман [Найман туралы бір аңыз]
Көтеш ақын өзі бай болған, өзі семіз болған, жүз асып жасаған. Сабаз дей тұғын бәйбішесі: «жалғыз шұнақ қойды жеті қотан қылдым» деген екен. Қартайған шағында ауылы Қарағайлы шоқыда тұрғанда жау тонап, жалаңаш тастап кетіп, өзін ит-құс жеп тастапты. Шеру деген жерден денесінің қалған тамырын тауып алысыпты. Жатқан жеріне май сіңіп, топырақ қап-қара болып қалған екен депті. Табылған сүйектерін жинастырып, Қарағайлышоқы түбінде Балықтыкөл басына қойыпты. Бұрынғы заманның қариялары: «түн болғанда дене тырағынан шырақ жанып тұрады» дескен екен.
Жоқшы, зерттеуші (Құдай рахмет қылсын!) Шоң би болып, тонаған жауы Найман екен. Қыс ішінде Айдабол жиырма үйтігіп, үш ердің құнын алыпты «сүйек құны», «өнер құны», «қарақұн» деп. Найман шабылып қалған тозып, шұбырып. Сондағы құнның төлеуіне келген Найман ұрпағы – Айдабол Күлік ішінде Қоқым жұрағат бар «Найманбыз» дейді, басқа білері жоқ.