Саржомарттың екі баланы қайтарып, олардың «Бура», «Көкжарлы» атануы (ІІ нұсқа)

Бір жылы Саржомарт саудамен Бұхар, Ташкент, Хиуа жаққа кетеді. Келер күз салқын түсе келеді. Бұл аралықта Бақы мен Бақанас Сарының бұрынғы әйелі мен балаларынан қақпай көреді, күйістері кетеді. Ішсе асқа, кисе, киімге жарымайды. Ташкеннен келген сарт саудагерлер сауда жасап, қазақтардан көп мал жиып алады. Малын айдап...

Kazakh
Саржомарттың екі баланы қайтарып, олардың «Бура», «Көкжарлы» атануы (ІІ нұсқа)
Бір жылы Саржомарт саудамен Бұхар, Ташкент, Хиуа жаққа кетеді. Келер күз салқын түсе келеді. Бұл аралықта Бақы мен Бақанас Сарының бұрынғы әйелі мен балаларынан қақпай көреді, күйістері кетеді. Ішсе асқа, кисе, киімге жарымайды. Ташкеннен келген сарт саудагерлер сауда жасап, қазақтардан көп мал жиып алады. Малын айдап бару үшін Бақы мен Бақанасты көндіріп, жалдап алады. Олар сартпен бірге кетіп қалады. Саржомарт жолаушылықтан келген соң балалардың жай-күйін сұрап, басқалардан біледі. Келер жылы Сармырза екі баланы іздеп, табады. Ташкент бегінің алдында жүгініске түсіп, екі баланы алып қайту қамына кіріседі. Бекке параға бір көкжал бесті арғымақ пен қара бура түйені сыйға беріп, Бақымен Бақанасты алып келеді. Екі баланы Сармырза ерекше тәрбиелейді. Екі бала Сармырзаның малын бағып, жаз жауға, қыс жұтқа бермейді. Малдары бұрынғысынан да көбейе түседі. Бақы мен Бақанасты жастары 17-18-ге келген кезде екеуіне де толық жерден қыз айттырып, енші беріп, бөлек шығарып, екі ауыл етіп қоныстандырады. «Көкжал бесті арғымақ беріп алған, көкжалым!» – деп жүріп Бақы, кейіннен Көкжалдының орнына «Көкжарлы» атанады да, «қара бура беріп алған, бурам!» – деп жүріп Бақанас «Бура» атанады.
English
This language variant is not available
This language variant is not available