Kazakh
Төрт Төлегетай тармағы
Төлегетай алғашында Қылышты қожаның қойшысы екен. Ол таң атысымен бір қора қойды далаға өрістетіп, өзі бір төбешіктің басына шығып, тоғайдың көлеңкесінде салқындап жатады екен. Өрістегі ешкі-қойларды екі көк қасқыр қоса бағып-жайып, ит-құстан аман сақтап жүреді. Екі көк қасқыр Төлегетай атаның Құдай берген пірі болса керек. Оны көрген жұрт қайран қалады. Содан Төлегетайды әулие тұтады.
Қылышты қожа Төлегетай әулиеге әйелдікке қызын беріпті. Ақырында Төлегетай бай болады, әр нәрсесі өзіне сай болады. Қылышты қожа артына қалдырған өсиетінде: «Құран-дұғаны өзінен бұрын Төлегетай әулиенің аруағына бағыштаңдар!» – деп тапсырады.