Ақсұлу келіннің немересі Төлегетай (ХІV нұсқа)

Найманның келіні Ақсұлуды Арғынның кіші баласы Сүйіндік деген әмеңгерлікке аламын деп мазалаған соң Ақсұлу: «Атамыз тұқымсыз кетіп, түтіні өшіп қала ма деп», – деп атасының сарықға отырған жеріне барып көріп, «атама бір қыз айттырып әперейін» деп ойлайды да, Арғынның баласы Сүйіндікке: «Мен саған тимеймін!» – деп, оған...

Kazakh
Ақсұлу келіннің немересі Төлегетай (ХІV нұсқа)
Найманның келіні Ақсұлуды Арғынның кіші баласы Сүйіндік деген әмеңгерлікке аламын деп мазалаған соң Ақсұлу: «Атамыз тұқымсыз кетіп, түтіні өшіп қала ма деп», – деп атасының сарықға отырған жеріне барып көріп, «атама бір қыз айттырып әперейін» деп ойлайды да, Арғынның баласы Сүйіндікке: «Мен саған тимеймін!» – деп, оған әмеңгерлік жолын беріп, құтылады. Содан әкесі Дулат биге барып «Атама, бір қыз алып берсем бе деген оймен келдім, сізге айтып ақылдасайын деп келдім» деген соң әкесі Дулат би: «Балам, тілеуің дұрыс, дұғаң қабыл болсын, Аллаһу акбар!» деп батасын беріп қайтарған соң Үйсіннен өзі барып, қалың малын беріп қыз айттырып әкеледі. Қыз әкелсе, атасы Найман жатыр екен: – Балам, мынау ертіп жүрген қызың кім? – деп сұрайды. Сонда Ақсұлу атасына айтады: – Бұл қыз енем әрі қызым, – деп, сонда ол қызға «Қызеней» деп ат қояды. Сол уақытта атасына тоқтының құртын езіп беріп, тұмсатуған түйенің сүтін қымыран қылып ашытып береді. Атасын солай тәрбиелейді екен. Сонымен молда алдырып, қыздың некесін қидырып, атасына қосқан. Сонымен Ақсұлу «Найманның әулие келіні» атанады. Содан Қызеней екіқабат болып, бір еркек бала табады. «Атамнан қалған белгі ғой!» – деп атын «Белгібай» қойған. Белгібайды өзі тәрбиелеп өсіріп, Белгібай он сегіз жасқа келгенде өзі отыз алты жасқа келіп еді. Молда алдырып өзі Белгібайға некеленеді. Әулие келін Белгібайға некеленген соң екіқабат болып бір еркек бала табады. Оның атын Сүйініш қояды. Сүйініштен Төлегетай туады. Төлегетайдан Қытай туады. Қытайдан: Төртуыл, Қаракерей, Матай, Садыр – төртеу туып, Қытай отыз алты жасында қайтыс болады да, төрт ұл үлкен әкесі Төлегетайдың тәрбиесінде қалып, одан «Төрт Төлегетай» атанады.
English
This language variant is not available
This language variant is not available