Kazakh
Таңба
Есте жоқ ескі заманда Бай деген кісінің балалары енші бөлісіпті дейді. Еншіні Байдың адуын бәйбішесі бөліп, әр баласының таңбасын қоса атап отырады. Осы кезде өзгеден саяқтау жүретін, тентек мінезділеу бала Адай жүгіріп келіп: «Апа, менің де таңбамды аташы!» – дегенде, адуын бәйбіше үш саусағымен бұтының арасын сүйкей нұсқап: «Міне, сенің таңбаң!» – деген екен. Сол жерде бәйбішенің қимылын көзі шалып қалған Бай: «Әй, бәйбіше-ай, бүкіл ырыс-құтың Адайға кетті-ау!» – депті дейді.
Десе дегендей, бір мүшел айналғанда Адайлар 600 шаңырақ болса керек. Шынында да он екі ата Байұлының ішіндегі ең бір өсіп-өнген ру – Адай.
Ал Байдың бәйбішесінің борбайын үш саусағымен нұсқаған ишарасы, кейін ортасы тілік үшкіл таңба болып белгіленетіні содан қалып еді дейді.