Оғылмеңді (І нұсқа)

...Бір жылы күзгі қатқақтың көш-қонында дарияның мұзы әлсіз болып, Қосай ауылы түгел дарияға кетеді. Қосайдың Әлдеке, Төлен, Сүйін деген үш баласы, Бердіғожа, Бегалы, Едіге, Ермек, Қаныш, Кеніш деген немерелері, әйелі мен келіндері, малшы-қосшылары тегіс осы апаттың құрбаны бола- ды. Дарияның арғы бетіне Қосай мен ауыл...

Kazakh
Оғылмеңді (І нұсқа)
...Бір жылы күзгі қатқақтың көш-қонында дарияның мұзы әлсіз болып, Қосай ауылы түгел дарияға кетеді. Қосайдың Әлдеке, Төлен, Сүйін деген үш баласы, Бердіғожа, Бегалы, Едіге, Ермек, Қаныш, Кеніш деген немерелері, әйелі мен келіндері, малшы-қосшылары тегіс осы апаттың құрбаны бола- ды. Дарияның арғы бетіне Қосай мен ауыл молдасы ғана аман шықса керек. Қосай батыр күтпеген қасіреттен есеңгіресе де, есін жоғалтпай: «Иә, Тәңірім, оңын бере гөр, тілегімді қабыл ете гөр!» – деп тілек тілепті. Сонда молда тұрып: «Әй, Қосай-ай, жасың алпысқа келгенде басыңа түскен ауыртпашылық болды-ау! Енді не оңы, не солы болар деп отырсың», – депті. Бұл сөзге Қосай: «Молда, шырағым, біз туғанда жалаңаш туып едік қой. Қазір үстімізде киіміміз бар, астымызда атымыз бар. Тәңірден дұрыс тілек тілейік. Тәңірдің рахымы мол, әлі де біз үшін сақтағаны бар шығар!» – деп, жүріп кетіпті. Сол бетінде інісі Тәзікенің үйіне келеді. Қайғы-қасіретке шомып, керегені теріс құшақтап жата беретін болыпты. Бара-бара күйігі ішке түсіп, екі көзі көрмей қалады. Жаманат жата ма, осы оқиға Қосайдың анттасып-андаласқан түркімен досы Ерсары Сейітқұлыға да жетеді ғой. Сейітқұлы андасына көңіл айту үшін дереу жолға қамданады. Жай қамданбайды, өзімен бірге 40 боз биені жылқышысымен, 400 қойды қойшы-қолаңшысымен, ақбоз үйді жасауымен қамдап, досының көзін емдету үшін Оғылмеңді деген тәуіп қызды ертіп, жолға шығады. Андасының бұл келісі Қосай батырдың көңілін сергіткендей болады. Сейітқұлы қайтарында: «Қосайдың көзін емдерсің», – деп Оғылмеңдіні қалдырып кетеді. Оғылмеңді Қосайдың көзін жазады. Опатты оқиғаға жыл толғанда Қосай ел-жұртты шақырып ас береді. Асқа андасы Сейітқұлы да келеді. Осы жолы Сейітқұлы Оғылмендіге батасын беріп, Қосайға некелеп қосады. Сол Оғылмеңді анадан Қосай батыр Байбол, Тіней, Әйтей, Бегей, Бәли, Сүйіндік деген алты ұл көреді. Аналары түркімен болғандықтан, бұлардың өсіп-өнген ұрпақтарын «Түркімен Адай» деп атайды. Қосай ұрпағы туралы әңгімені «Алты қосай» деп бастайтын да дәстүр бар.
English
This language variant is not available
This language variant is not available