Темірдің «Есентемір» аталуы (ІІ нұсқа)

Сол заманда, Ұлы жүзден Байбоз деген биді қысастықпен өлтіріп, елінен қашып кеткен Темір деген жас жігіт Кіші Жүзге барып, Қыдырқожаның (Байдың) ұлы Қыдырсиықтың қолына келіп паналапты. Қыдырқожа бай еті тірі, пысықша келген жігіт болғандықтан, оны өз қарамағына алып, жылқысын бақтырып қойыпты. Бір жылы қыс қатты болып...

Kazakh
Темірдің «Есентемір» аталуы (ІІ нұсқа)
Сол заманда, Ұлы жүзден Байбоз деген биді қысастықпен өлтіріп, елінен қашып кеткен Темір деген жас жігіт Кіші Жүзге барып, Қыдырқожаның (Байдың) ұлы Қыдырсиықтың қолына келіп паналапты. Қыдырқожа бай еті тірі, пысықша келген жігіт болғандықтан, оны өз қарамағына алып, жылқысын бақтырып қойыпты. Бір жылы қыс қатты болып, ұдайы боран соғып, мал жұтап, қаһарлы қысқа шыдамай жылқы белгісіз бір жаққа қарай, желдің ығына ығып кетіпті дейді. Темір де жылқымен бірге ығады, жылқыдан айрылмайды да, қайда кеткені белгісіз, ұшты-күйлі жоқ болып кетеді. Бай жылқы мен Темірді іздеп, сұрау салады. Жылқысын қимай қиналады. «Көрдім, білдім» хабар болмайды. Дегенмен «есен-аман жүрсе, бір хабары келер» деген оймен шыдамдылық жасап отыра береді. Қатты қыс өтіп, көктем де келеді. Жылқы жұтамай, қыстан аман шығыпты. Темір сол шуақты көктемнің бір күні биелерін құлындатып болып, енесінің ізіне ертіп, малды көбейтіп, жылқысын айдап, есен-аман елге қайтып келіпті. Бай атамыз жылқысының жұтамай, түгел төлін ертіп келгеніне қуанып, жігіттің ерлігіне, есен-аман қайтып оралғанына ризашылығын білдіріп той жасап, елді жиып ас беріп, Темір есіміне есен-аман қауышқанының белгісі ретінде «есен» деген сөз қосып: «Есентемір» деп атапты. Сөйтіп, сонан бастап жігіт Есентемір атанған. Бай Есентемірге өзінің қызын некелеп қосып, отау тігіп, алдына мал салып, бір шаңырақ етіп шығарып, Қыдырсиықтың қарамағына беріпті.
English
This language variant is not available
This language variant is not available