Шыбар айғыр туралы

Келбағыстың (Шыбар айғыр) атасы Кенел жас шағында үйін елінен шыққан Өміржол деген байдың қызы Ақшыраққа көңіл қосып жүргенде, қыз әкесі бұлардың махаббатына ырық бермей, басқа бір байға бермекші болғанда, Кенел ол байдың ұлын өлтіріп, Ақшырақты алып қашып кетіпті. Кейін Үйсін елінің қыз жағы да, ұл жағы да дау көтеріп...

Kazakh
Шыбар айғыр туралы
Келбағыстың (Шыбар айғыр) атасы Кенел жас шағында үйін елінен шыққан Өміржол деген байдың қызы Ақшыраққа көңіл қосып жүргенде, қыз әкесі бұлардың махаббатына ырық бермей, басқа бір байға бермекші болғанда, Кенел ол байдың ұлын өлтіріп, Ақшырақты алып қашып кетіпті. Кейін Үйсін елінің қыз жағы да, ұл жағы да дау көтеріп, рулар ара кереғарлықтар туылады. Сонан үш жүздің бас қосқан жиынында әр жүзден адам шығып үш жыл іздетуді, табылмаса, 100 жылға дейін күтуді, сол арада білінсе, Орта жүзден үш адамның құнын алуды кесім етіпті. Арт жағы осындай ауыр зардапқа жолыққандықтан, Кенел өз атын Мұғұлға өзгертіп, қырғыз елінің Мұндыр руына барып (олардың жиен күйеуі болғансып) сіңген екен. Бұлар осы арада мекендеп, өсіп өркен жаяды. Өз тектерін айтпауға ант ішкендіктен, қатты сыр сақтайды. Кейін Келбағыс балаларын алып, өз елі Жаппасты табады. Сонда әкенің де, баланың да бір жаққа шықса мінетін бір тал шыбар айғыры бар екен. Ел оларды «Шыбар айғырлы» деп жүріп, оның ұрпақтары «Шыбарайғыр» атанып кеткен екен.
English
This language variant is not available
This language variant is not available