Қаракесек

Кәдірқожа жарлы, кедейлеу болып өседі. Оның үстіне бір жылдары оның үй-жайы, қора-жайы өртеніп кетеді. «Өрт қырсықты ала кетеді», – деп халық айтқандай, сол өрттен соң атамыздың дәулеті өсіп, ықпалы жүре бастайды. Үйге қонақ айналып, той думан жиі болып тұратын қалге жетеді. Бай атанады. Жалғыз ұлы Қаракесек те ер жеті...

Kazakh
Қаракесек
Кәдірқожа жарлы, кедейлеу болып өседі. Оның үстіне бір жылдары оның үй-жайы, қора-жайы өртеніп кетеді. «Өрт қырсықты ала кетеді», – деп халық айтқандай, сол өрттен соң атамыздың дәулеті өсіп, ықпалы жүре бастайды. Үйге қонақ айналып, той думан жиі болып тұратын қалге жетеді. Бай атанады. Жалғыз ұлы Қаракесек те ер жетіп, жігіт болады. Әкесінің дәулетімен ұлы «Қаракесек бай» атанады, би болады. Кәдірқожа қалың мал беріп, ұлына бір байдың Ханбибі деген қызына құда түсіп, айттырып қойған еді. Сол келінді түсіреміз деп жүргенде қыз үйінде отырып, кімнен екені белгісіз, екіқабат болып қалған дейді. Оған дейін Қаракесек атамыз «ұрын» бармаса керек. Оған қарамай, құдалардың сыйластығы мықты болуы керек, Ханбибіні Қаракесекке алып беріпті дейді. Келін болып түскеннен соң, көп ұзамай Ханбибі әжеміз бір ұл туыпты, атын Байсары деп қойыпты. Кейін ел ішінде «Атасыз туған Байсары» деп аталып кеткен екен дейді. Байсары үш жасқа толғанда шешесі Ханбибі қайтыс болып кетіпті. Жылын бергеннен кейін, қайын атасы бұрынғы қызының үйінен екіқабат болып келгенін бетіне баспай, алып кеткеніне разы болып, енді үйіндегі жас қызы Қағаз сұлуды (Ханбибінің сіңілісі) қалың малсыз Қаракесекке әйелдікке беріпті дейді. Міне, осы шешемізден Әлім мен Шөмен туыпты.
English
This language variant is not available
This language variant is not available