Қаракесек руы атануы (ІІІ нұсқа)

Қаракесек (Ұланақ – Сасықбай). Ұраны – Ақпан (әулие). Ұланақ – Сасықбай: Есіл, Тобыл (Тепер). Осы екі ұлдан тараған ұрпақтар «Қаракесек» руы атанып кеткен. Оның мәнісі былай еді дейді, Серікбай көкем. Қаракесек бай (Байсары, Әлім және Шөменнің әкесі) қартайған кезінде жас әйел алып, балалары Әлім және Шөменнен бөлек от...

Kazakh
Қаракесек руы атануы (ІІІ нұсқа)
Қаракесек (Ұланақ – Сасықбай). Ұраны – Ақпан (әулие). Ұланақ – Сасықбай: Есіл, Тобыл (Тепер). Осы екі ұлдан тараған ұрпақтар «Қаракесек» руы атанып кеткен. Оның мәнісі былай еді дейді, Серікбай көкем. Қаракесек бай (Байсары, Әлім және Шөменнің әкесі) қартайған кезінде жас әйел алып, балалары Әлім және Шөменнен бөлек отырыпты дейді. Бірақ бұл әйелінен бала болмайды да, Қаракесек атамыз Әлімнің тоқалы Күлтебикенің қолында болып, Ұланақты – немересін сүйіп, қолына алып, еркелетіп өсіріпті. Күлтебике әжеміз салақтау болса керек, үйі кір-қожалақ сасып жататын еді дейді. Атамыз Ұланақты, құйрық-жалына қызылды-жасылды күлтелеп тұмар таққан, әдемі көк сауырлап күмістен шегелеген ер салған, оюлы өрнекті жабу жапқан құнанға мінгізіп қояды екен де, сол Күлтебикеден туған немересін: «Күлтелі сасығым, осы балам бай болады, Сасық бай болады», – деп, алдына алып отырғанда бетінен сүйеді екен. Сонан ол бала «Күлтелі Сасық», кейін «Сасықбай» атанып кетіпті. Ал сол Сасықбай (Ұланақ) өз әкесі Әлімді атамай: «Мен Қаракесектің баласымын», – деп еркелеп өсіпті. Ер жеткен соң Ұланаққа әйел алып беріп, Қаракесек бай Ұланақтың әйелін – келінін жұмсап, осы үйде қартайып, өлгенде осы үйден шығарылып, Ұланақ атасының шаңырағының егесі болып қалыпты. Осыған орай Ұланақтың ұрпағы кейін атасының атымен «Қаракесек» руы атағын иемденіп қалыпты.
English
This language variant is not available
This language variant is not available