Kazakh
Шекті (І нұсқа)
Әлім, оның баласы Жаманақ мал біткен адамдар болыпты. Үйір-үйір жылқыны бір-бірлеп ұстап, оларға жеке-жеке таңба басуды қиынсынып, өтіп бара жатқан таңбасыз жылқының санына қайнап тұрған май шашады екен. Ыстық май жылқының терісін күйдіріп, түгін сыдырып, сорғалай ағады. Кейін, жылқының май күйдірген жеріне шектей шұбатылған тыртық таңба пайда болады. Жаманақтың «Шекті» аталуы осыдан еді дейді.