Kazakh
Жаманақ руының «Шекті» деп атануының мәнісі (ІІІ нұсқа)
Жаманақ аулының бір күні үлкен асы болады. Асқа Әлім әулетінің барлық аталықтары қатысады. Асқа сойылған қыруар малдың ішек-қарнына жаманақтың балалары өзара таласып, төбелеседі. Төбелес үлкенге кетеді. Ақыры төбелес басылмаған соң араға ақсақалдар түсіп, төбелесті басады. Төбелесті басқан ақсақалдар, төбелестің басталған оқиғасын сұраса, төбелестің басы – ішек пен қарыннан шыққаны анықталады. Осыдан бастап жаманақтың тұқымын «ішекке төбелескен ішекті – деп аталып кетіп еді» деп баяндайды шежіреші қариялар.