Қарасақал (І нұсқа)

Айнықтан бір бала – Сарбас жеке туады. Сарбас онның шамасында еді, ойламаған жерден қалмақтар шабуыл жасап, қамсыз үйде жатқан Айнық батырды қолға түсіріп, Сарбаспен екеуін алып кетеді. Күтініп отырғанда мың адамға бірі өзі болатын Айнық батыр қапылыста қалмақтың қолында кетеді. Қалмақтан әйел алып, төрт бала көреді. О...

Kazakh
Қарасақал (І нұсқа)
Айнықтан бір бала – Сарбас жеке туады. Сарбас онның шамасында еді, ойламаған жерден қалмақтар шабуыл жасап, қамсыз үйде жатқан Айнық батырды қолға түсіріп, Сарбаспен екеуін алып кетеді. Күтініп отырғанда мың адамға бірі өзі болатын Айнық батыр қапылыста қалмақтың қолында кетеді. Қалмақтан әйел алып, төрт бала көреді. Олар – Өзден, Өзбек, Майлы, Сайлы деген төртеу. Олардың ұрпағы сонда, қалмақ ішінде, бір рулы ел болып отыр. Сарбас 61 жасында әйел, бала-шағасына қарамай бір ретін тауып, мында аман-есен қашып келіп, еліне қосылады. Әйел алады. Одан – екі бала, Бақтыберлі, Была деген баланы көреді. Міне, осы екі баладан өскен ұрпақтарды: «Сарбас қарасақал» деп атайды. «Қарасақал» деп атанудың мәнісі: Айнық ірі, арыстан кеуде, шомбал, алып күшті балуан, батыр қапасақалды қара кісі болған, содан «қарасақал» атанып кетеді. Тегінболат туралы шежірешілер былай дейді: Әлім атамыз үлкейген шағында, есігінде жүрген жетім қызға неке сала- ды. Осыдан кейін ол қыз екіқабат болып, бір ұл туады. Атын Әлім атам: «Қартайғанымда Құдай бір ұлды тегін берді ғой!» – деп, Тегінболат деп қояды. Ол 17 жасқа толғанда, Айнықты қалмақтар өлтіріп кетеді де, оның әйелін Тегінболат алады. Содан Пұсырман, Шіңір туады. Сондықтан Тегінболаттың ұрпағын да «Қарасақал» деп атаған.
English
This language variant is not available
This language variant is not available