«Кете» руының қалыптасуы (ІІ нұсқа)

Байсары өлгеннен кейін Кетебике шешеміз екіқабат болып қалып, бір ұл туады. Әлім атамыз ұлдың атын «Тегіннен келген бала» деп, Тегінболат қойып, Кетебикені өзіне некелеп алып, Тегінболатты бала қылып алады. Кетебике Әлімнен бір ұл – Тойқожа туады. Онан кейін Әлім Құба деген шешемізді қыздай алады. Кетебике Әлім өлгесін...

Kazakh
«Кете» руының қалыптасуы (ІІ нұсқа)
Байсары өлгеннен кейін Кетебике шешеміз екіқабат болып қалып, бір ұл туады. Әлім атамыз ұлдың атын «Тегіннен келген бала» деп, Тегінболат қойып, Кетебикені өзіне некелеп алып, Тегінболатты бала қылып алады. Кетебике Әлімнен бір ұл – Тойқожа туады. Онан кейін Әлім Құба деген шешемізді қыздай алады. Кетебике Әлім өлгесін Шөменге тиіп кетеді, Бозанша мен Тойқожа, Тегінболат Әлімнің қолында қалады. Шөменге тигеннен кейін Кетебике тағы да бір ұл – Түменқожаны туады. Сонымен Байсарыдан туған Бозаншаның, Әлімнен туған Тойқожаның және Шөменнен туған Түменқожаның ұрпақтары Кетебикенің атымен атап, «Біз Кетебикеден туғанбыз» деп жүріп, «Кете» руы аталып кеткен екен дейді.
English
This language variant is not available
This language variant is not available