Үш Кете және Майлыбай

Байсары баласы Майлыбаймен бірге соғыста қолға түсіп, өледі. (Жемнің аяғы Құлсары деген солтүстік шығыста 15 шақырымдай жерде «Бақашы әулие» деген қорым бар. «Бақашы» деп отырғанымыз – Байсары атамыз). Әжібай бастаған батырлар қазіргі Батыс Қазақстан делініп жүрген аймақты қалмақтардан тазарту кезінде жорыққа шығарда,...

Kazakh
Үш Кете және Майлыбай
Байсары баласы Майлыбаймен бірге соғыста қолға түсіп, өледі. (Жемнің аяғы Құлсары деген солтүстік шығыста 15 шақырымдай жерде «Бақашы әулие» деген қорым бар. «Бақашы» деп отырғанымыз – Байсары атамыз). Әжібай бастаған батырлар қазіргі Батыс Қазақстан делініп жүрген аймақты қалмақтардан тазарту кезінде жорыққа шығарда, ең әуелі Байсары әулиенің басына келіп тәу ететін көрінеді. Ал «Ақтабан шұбырынды...» жылдары Қаратауға ауып кеткен елді алғаш ата қонысқа бастап келушілер: Адай Есек батыр, Шотан, Шектіден – Сәңкібай, Беріштен – Есболай, Тамадан – Есет, Табыннан Бөкенбай батырлар екен. Олар Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл бойына келгенде Әжібай би бастап келіп, алдымен Байсары қорымына тәу етеді. Қазіргі Жылой ауданының орнында үлкен көл болған көрінеді. Көл жағасында бір бір лашық тұрады. Батырлар лашыққа келсе, Бадамша есімді кемпір отқа бақа қақтап жеп отыр екен. Сұрастыра келе кемпірдің жасы 100-ден асып кеткенін, бала кезінде қалмақтардың осы араны басып алғанын, осы Байсарының айналасы қазақ пен қалмақтың тоқайласып бітімге келетін, не жауласатын нүктесі болғанын айтады. Жүрер алдында Бадамша әжей Әжібай бастаған топқа: «Әлімнің Құлсары батыры осы жерді азат ету кезінде шейіт болып еді. Сендерге соның ерлігі мен топырақ жасын берсін!» – деп ақ батасын береді. Бадамша әже дүниеден озғанда Байсары әулиенің қорымына жерленеді. Кете Арал батыр да осында, жасы 100-ге келгенде Әжібай би де дүниеден озғанда осы Байсары қорымына жерленеді. Бозаншар әкесінен жастай қалып, Әлімнің тәрбиесінде болады. Бірақ Әлімнің төрт баласы мұны шетқақпай жасай береді. Оны шешесі Кетебике сезіп, біліп жүреді. Осыған намыстанған Бозаншар бір үйір жылқыны айдап, Сыр бойындағы Шөмен ағасының ауылына келеді. Шөмен шаруа кісі болыпты. Біраз уақыттан кейін Бозаншарды үйлендіріп, отау етеді, алдына мал салады. Бозаншардан Адамқожа, Төменқожа – екі бала туады. Адамқожадан – Сарыкете (Ожырай), Төменқожадан Қаракете, Томпақкете туады. Өз алдына ауыл болып отырады. Бозаншар Әлімнен туған інілерін өзіне тартып, Кете ауылы атануына күш салып, Шөменмен қоныстас бөлек ауыл болып отыруды арман етеді. Оны анасы Кетебике мақұлдап, батасын береді. Тойқожаны екеулеп үгіттейді. «Жастайынан жау қолында қаза болған ағаң Майлыбайды ұран етіңдер, ен-таңбаларын белгілеп, әзірше Кете ауылы болып, отырыңдар! Жүре-бара ұлан-байтақ ел болып кетерсіңдер, – деп анасы батасын береді. Тойқожа (Ақкете) інісі Тегінболатқа әуелі қыз алмадың, бірден Айнықтың қатынан алдың», – деп реніш жасап, Бозаншардың ауылына көшіп кетеді анасының өсиетін орындау мақсатымен. Бозаншар Адамқожадан туған баласы Сарыға, Төменқожадан туған баласы Қараға, Томпақкетеге енші береді. Сарыға енші аздау тие ма, әлде басқа ма, ол еншіге өкпелеп, разы болмай ожырайып бөлек отырады. Өкпесі ұзаққа созыла ма, «Мына ожырайып отырған кім? деп сұраушылар көбейеді. Содан бірте-бірте Сары аты ұмытылып, «Ожырай» атанып кетіпті деген сөз бар. Сонымен Бозаншарға анасының батасын Алла тағала қабыл етіп, Ожырай (Сары) кете 6 арыс, Қара кете 4 арыс, Ақкете (Тойқожа) 10 арыс (Барлығы) 20 арыс Кете өсіп-өнеді. Үш Кетенің ұраны – «Майлыбай».
English
This language variant is not available
This language variant is not available