Тама руы

Халықтың аузында бар әңгімеде Таманың кейінгі аты «Қарабура» деп айтады. Оның мәнісі былай деп сөзін жалғастырады қариялар: «Қожа Ахмет Йассуи өлгеннен кейін, оның өлі денесін қара бура мініп келіп, түсін ешкімге көрсетпестен мүрдені алып кетіп, қазіргі мешіттің орнына әкеліп, ақ жуып, арулап қояды. Гөрінің үстіне қам...

Kazakh
Тама руы
Халықтың аузында бар әңгімеде Таманың кейінгі аты «Қарабура» деп айтады. Оның мәнісі былай деп сөзін жалғастырады қариялар: «Қожа Ахмет Йассуи өлгеннен кейін, оның өлі денесін қара бура мініп келіп, түсін ешкімге көрсетпестен мүрдені алып кетіп, қазіргі мешіттің орнына әкеліп, ақ жуып, арулап қояды. Гөрінің үстіне қам кесектен сыпа салады. Ол кезде қазіргі ғимарат жоқ, салынбаған». Сұлтанның денесін алып кетуге келген Тама өзін дуана, шейх етіп көрсетіп, мүрдеге қара бура мініп келген. Оның Тама екенін ешкім танып, білмеген. Бұл жағдайды Сұлтанның өзі өлер алдында, Тамаға керематымен білдіріп, сосын туыс-семьясына: «Мен өлгесін, денем суымай тұрғанда, қара бура мінген бір дуана, шейх адам келіп, денемді бурасымен мәңгілік жататын жеріме алып кетеді. Сол жерге, сол адам денемді тазалап жуып, кебіндеп қояды. Сендер оның қолын қақпаңдар!» – деп тапсырады. Сұлтанның сол айтқанындай, ол өлу бойына қайдан келгені белгісіз, Тама қара бурамен келіп, сұлтанның мүрдесін түйеге өңгеріп алып кетеді. Оның кім екенін ешкім білмейді. Бет-аузын бүркеп алған Таманы ешкім танымайды. Мүрдені ол сұлтанның айтып, тапсырған жеріне апарып жерлеп, өзі ешкімге көрінбей, қайтып кетеді. Кейін артынан барып біліп, жұрт сосын «Қара бура Әзі» деп атандырып кеткен. Кейін ұранға айналған. Таманың ұраны – «Қарабура».
English
This language variant is not available
This language variant is not available