Қосқұлақ

Асан – Қосқұлақ – Алшынбай, Байжан, Мерген (Назарқұл). Қосқұлақ бір себептермен ағасы Шатырқұлға өкпелеп, Хиуа, Бұхар еліне кетіп қалған екен дейді. Сол елден Смамут деген қожаның үлкен қызына үйленіп, онан Алшынбай атты ұлды болыпты. Оған Смамут атасы да көмек жасап, өзі де еті тірі батыр, қайраты мол жігіт болғандықт...

Kazakh
Қосқұлақ
Асан – Қосқұлақ – Алшынбай, Байжан, Мерген (Назарқұл). Қосқұлақ бір себептермен ағасы Шатырқұлға өкпелеп, Хиуа, Бұхар еліне кетіп қалған екен дейді. Сол елден Смамут деген қожаның үлкен қызына үйленіп, онан Алшынбай атты ұлды болыпты. Оған Смамут атасы да көмек жасап, өзі де еті тірі батыр, қайраты мол жігіт болғандықтан, мал жинап, тұрмысын түзеп, байлардың қатарына қосылып, бір еліне хан болып сайланып тұрыпты дейді. Көп жыл өткен соң шешесі Шарипа артынан іздеп барып (шешесінің айтқанына көніпті) Қосқұлақты еліне қайтарып алып келген екен дейді. Елге қайтарында Смамут қожа: «Қызым, елді сағынып жыламай жүрсін, жалғызсырамасын», – деп, бір баласын қызына қосып ертіп жіберіпті. Сол еріп келген бала Қожа Алшынбай ұрпақтарымен бірге өсіп, сіңіп, оның ұрпақтары да «Алшынбаймыз!» деп аталып кетеді.
English
This language variant is not available
This language variant is not available