Көзкөне

Көзкөне – аздау ұрпақтаған, аз ру. Оның үстіне Жамалайдың балаларының бірі Қаражан деген тентек бала Тілеу мен Қабақтың пір тұтып, отырған жалғыз қожасының жалғыз баласын «Ұлықұмның ішінде, түйеңді менің жеріме жіберіп жайдың», – деп, ұрып өлтіріпті де, мәйітін түйесінің мойнына байлап жіберіпті. Кек алу үшін бүкіл Тіл...

Kazakh
Көзкөне
Көзкөне – аздау ұрпақтаған, аз ру. Оның үстіне Жамалайдың балаларының бірі Қаражан деген тентек бала Тілеу мен Қабақтың пір тұтып, отырған жалғыз қожасының жалғыз баласын «Ұлықұмның ішінде, түйеңді менің жеріме жіберіп жайдың», – деп, ұрып өлтіріпті де, мәйітін түйесінің мойнына байлап жіберіпті. Кек алу үшін бүкіл Тілеу мен Қабақтың жігіттері Көзкөне ауылына шабуыл жасапты. Ал Көзкөнелер малы көп байлары Құламан мен Құлтасқа қашып келіп паналапты да, малы жоқ кедейлері Сыр бойына қашып келіп, Бітімбай тобы нағашысына – Бәйімбет руына, енді бір тобы Жақайымның Асан тайпасына, бір тобы Домақ тайпасына келіп паналайды. Сөйтіп, тентек Қаражанның кесірінен тыныш отырған Көзкөнелер жер-суын тастап, басқа руларды сағалап, оларға сіңіп, «Жақайымның Асанымыз, Бәйімбетіміз, Кішкененің Домағымыз!» деп кетті дейді.
English
Kozkone
Közköne – a small offspring, a small tribe. Moreover, one of Jamalay's children, a mischievous boy named Karazhan, killed the only son of the sole master whom Tileu and Qabaq revered, saying, "In Ulyqūm, let your camel graze on my land," and he beat him to death, tying the corpse to his camel's neck. To take revenge, all the young men of Tileu and Qabaq attacked the village of Közköne. The wealthy Közkönes, with many livestock, fled to Qulaman and Qultas for refuge, while the poor without livestock escaped to the Syr River, with some groups seeking refuge with Bitimbai's maternal uncle, the Bäyimbet tribe, another group with the Aasan tribe of Jaqaiym, and another group with the Domak tribe. Thus, due to the mischief of Karazhan, the peaceful Közkönes abandoned their land and water, sought refuge with other tribes, and integrated into them, saying, "We are the Aasan of Jaqaiym, the Bäyimbet, and the Domak of Kishken!"