Шақыру (І нұсқа)

Есте жоқ ескі заманда ен даланы еркін жайлап, мұңсыз-қамсыз ғұмыр кешкен ел күтпеген бір нәубетке тап болады. Ел шетінен білінген қалың жылан ордасы көзіне көрінген мал-жанға шабуыл жасап, қырып-жоя бастапты. Небір ақ орда үйлерді сақиналап орап алатын жыландар күтірлете сыққанда күл-талқан етеді екен. Алып жыландардың...

Kazakh
Шақыру (І нұсқа)
Есте жоқ ескі заманда ен даланы еркін жайлап, мұңсыз-қамсыз ғұмыр кешкен ел күтпеген бір нәубетке тап болады. Ел шетінен білінген қалың жылан ордасы көзіне көрінген мал-жанға шабуыл жасап, қырып-жоя бастапты. Небір ақ орда үйлерді сақиналап орап алатын жыландар күтірлете сыққанда күл-талқан етеді екен. Алып жыландардың қыспағына түскен атан түйелердің өзі танауынан қаны дірдектеп, аяқ серпуге шамасы келмепті. Мұндай сұмдықтан дүрліккен қалың ел шошынып, бас сауғалай қашады. Тау-тасты, үңгір-оқапты паналайды. Бірақ жылан нөпірінен сонда да құтыла алмайды. Әсіресе осынау ордалы жыландардың көсемі – қос мүйізді айдаһар тірі жанға сауға таптырмайды. Оның қос мүйізі дем тартып, уытын шашқанда адамдардың еті ағып түсіп, саудыраған қу сүйектері қалады екен. Әбден айласы таусылған адамдар құрып бітетін болған соң, Тәңіріге жалбарынып көмек сұрайды. Адамдардың зары Тәңірінің құлағына жетсе керек, кешікпей көктен белгі білінеді. Алдымен, аспаннан жолақ жасап жарық сәуле көрінеді. Сонсоң, сол жарық сәулені жол етіп, қос өркеш түйеге теріс қарап мінген Нұртөлі атты бала түседі. Баланың қолында аққу мойын қара қобыз болса керек, небір сиқырлы саз шығарып, күй төге келеді. Жер бетінен күйдің сарыны естілуі мұң екен, қаптаған ордалы жылан шиыршық атуын қойып, сілтідей тынады. Бұрынғы қан құмар обыр мінезін ұмытып, күйдің дауысын ұйып тыңдағандай болады. Осы кезде көктен түскен Нұртөлі қобызын сарнатқан қалпы Қаратеңізді бетке алып жүре береді. Оның соңынан күйді үздіге тыңдаған жыландар да қалмай жылжып, теңіз тұңғиығына бірге кіреді. Сөйтіп, ен даланы еркін жайлаған халық иықтарынан ауыр жүк түскендей көңілдерін демдеп, қайтадан мұңсыз-қамсыз күйлерімен қауышады. Адамдарға араша түскен Нұртөлі күні бүгінге дейін Қаратеңіздің астында тоқтатпастан күй төгіп отырса керек. Ал мүйізді аждаһа бастаған жыландар ордасы қобыздың сазды сарынын жалықпай тыңдауда көрінеді. Нұртөлі қобыз күйін тоқтатпауға тиісті. Егер қобыз көмейінен күй сарыны үзілсе, жыландар ордасы қайтадан жер бетіне шығып, тіршілік атаулыға қырғын таптырмақ. Нұртөлінің жыландарды күймен шақырып, соңынан ерткен сиқырлы сазын естіген бір құйма құлақ қобызшы кейін «Шақыру» күйі деп жұртқа жайса керек.
English
Invitation (Version I)
In an ancient time, long forgotten, a people who roamed the vast steppe freely and lived a carefree life unexpectedly faced a calamity. A dense horde of snakes, which had been noticed at the edges of the land, began to attack and destroy any livestock or living creature that came into sight. The snakes, which could encircle entire white yurts, would crush them with a loud noise. Even the camels, caught in the grip of these giant snakes, trembled with blood dripping from their nostrils and could not muster the strength to move. Startled by such a horror, the frightened people fled in panic, seeking refuge in the mountains, caves, and crevices. However, they could not escape the swarm of snakes. Especially the leader of these serpentine hordes, a two-horned dragon, offered no mercy to any living being. When it inhaled and released its venom, the flesh of people would fall away, leaving only scattered bones behind. Desperate and out of options, the people prayed to Tengri for help. Their cries must have reached Tengri's ears, for soon a sign appeared in the sky. First, a bright ray of light shone down from the heavens. Then, following that light, a boy named Nurtöli, riding a two-humped camel backward, descended. In the boy's hand was a white-necked black kobyz, which produced magical melodies and played enchanting tunes. As the sound of the music reached the earth, the horde of snakes ceased their writhing and fell silent. Forgetting their previous bloodthirsty nature, they seemed to listen intently to the melody. At that moment, Nurtöli, who had descended from the sky, continued to play his kobyz, heading towards the Black Sea. The snakes, captivated by the music, followed him without hesitation and entered the depths of the sea together. Thus, the people who had roamed the vast steppe freely felt as if a heavy burden had been lifted from their shoulders, and they returned to their carefree lives. It is said that Nurtöli, who intervened for the people, continues to play his melodies beneath the Black Sea to this day. Meanwhile, the horde of snakes led by the horned dragon is said to be listening to the enchanting sounds of the kobyz without growing weary. Nurtöli must not cease his music. If the melody from the kobyz were to stop, the horde of snakes would rise again to the surface and bring destruction to all living beings. The magical melody that Nurtöli used to summon the snakes and lead them away later became known to the people as the "Summoning" tune.