Балжыңгер (І нұсқа)

Ертеректе байлық-берекесі шалқыған, сән-салтанаты келіскен Байсары деген бай өтіпті. Мекені Өр Алтайдың салқын сабат аясына біткен Марқакөлдің шүйгін жағасы болса керек. «Бірі кем дүние» деген емес пе, Байсарыда тұяқ жалғар, шаңырағына ие болар ұл болмапты. Бірақ, оның есесіне ақылына көркі сай, жұрт аузына ілінген Айы...

Kazakh
Балжыңгер (І нұсқа)
Ертеректе байлық-берекесі шалқыған, сән-салтанаты келіскен Байсары деген бай өтіпті. Мекені Өр Алтайдың салқын сабат аясына біткен Марқакөлдің шүйгін жағасы болса керек. «Бірі кем дүние» деген емес пе, Байсарыда тұяқ жалғар, шаңырағына ие болар ұл болмапты. Бірақ, оның есесіне ақылына көркі сай, жұрт аузына ілінген Айымкүл есімді жалғыз қызы бар екен. Жоққа жүйрік жеткен бе, Байсары бай барға қанағат етіп, жалғыз қызы Айымкүлдің тілеуін тілеп, бетінен қақпай өсіріпті. Жылжып жылдар, сырғып күндер өтіп жатады. Айымкүл айдай толысып бой жетеді. Байсарының ақылына көркі сай қызы туралы тамылжыған тәтті сөз аяқ жетер жерге жайылады. Содан өзіне теңдес өмірлік жар іздеген небір нәнталап жігіттер қыз көруге Байсарының үйіне күн құрғатпай ағылып келіп-кетіп жатады. Батыры бар, байы бар, шешені мен көсем бар, бірінен-бірі мойын оздырған қыз көрушілер Айымкүлді көріп, көңілдері толып, сөз сала бастайды. Осы кезде Байсары дал болады. Бірінен-бірі иық асырған өңшең мықтыларға не деп уәж айтарын білмей қиналады. Жалғызын құтты орнына қондырып, көңіл орнықтыруды ниет қылған Байсары енді қартайғанда дұшпанымды көбейтіп, артыма зиянымды тигізбесем неғылсын деп уайым етеді. Мұның бәрін іштей ұғып жүрген Айымкүл әкесіне сөз салады: «Ұям үйде болғанмен, өрісім түзде болған соң шара бар ма?! Шара болмағандықтан да, табиғаттың дегеніне көніп, перзенттік өтінішімді білдіруге бел будым. Әкем маған күйеу таңдап қиналмай-ақ, ерікті өзіме берсе екен. Маған атақ-даңқ та, байлық-береке де, сұлулық-салтанат да таңсық емес. Оның бәрі бір басыма бұйырған. Сондықтан әкем аяқ жетер жерге жар салып, хан-қара, би- төре демей, күйеу таңдар тойын жасап берсе екен», – дейді. Байсары жалғыз қызының бұл тілегіне қарсы болмайды: «Тәңірі маған ұл бермеді. Бірақ ұлдан кем емес қыз берді. Оған да шүкірана! Айымкүлім бой жетіп, перзенттік еншісін сұраған екен, бердім ұлықсатымды! Аяқ жетер жерге жар салыңдар! Күйеу таңдар тойға қамданыңдар!» – деп ризалығын білдіреді. Содан күйеу таңдар тойдың межелі күні де келіп жетеді. Марқакөлдің жағасына жер қайысқандай жұрт жиналады. Тойға киіз туырлықты жалпақ қазақты былай қойғанда, Ұрым мен Қырымнан, Бағдат пен Мысырдан, Шын мен Машыннан, Үнді мен Хорасаннан үміткерлер келген. Бірінен-бірі асып түскен сән-салтанат көз тұндырады. Бір мезгілде кернейлер тартылып, дауылпаз қағылып, ортаға әлекедей жаланған жаршылар шығады. Жұртшылыққа алқа-қотан жасатып, еңселілеу орынға алтын тақта қойдырып, Айымкүлге жол ашады. Көрген жанның көңілін үйіріп, көлде жүзген аққудай сызып келіп тақтаға отырған Айымкүл баста деп белгі береді. Жаршылар саңқылдай жөнеледі. – Уа, халайық, халайық! Ай мен күндей Айымкүлге қарайық. Ұрым мен Қырымнан, Бағдат пен Мысырдан, Шын мен Машыннан, Хорасан мен Үндіден келген қонақ бар. Ен даланың еркін өскен жігіттері және бар. Барлығында бір мақсат – айдай сұлу Айымкүлдің сынынан сүрінбей өту. Бір ғана шарт бар, әркім өзін, елі мен жерін таныстырып, ең басты қасиетін айтып өтсін! Жаршылардың хабарынан кейін үміткерлер бірінен соң бірі ортаға шығып, қойылған шарт бойынша өздерін таныстырып, ең басты қасиеттерін айта бастайды. Бірі жеті атасынан бері ел билеген әулеттен шыққанын айтады. Екіншісі төрт түлік малына жер қайысқан бай екенін тілге тиек етеді. Үшіншісі алтыны мен күмісін түйеге теңдесе, алды-арты түстік жерге созылатын керуен болатынын көлденең тартады. Келесісі бұл дүниеде қарсыласы жоқ батырлығын айтып, кеуде қағады. Енді бірі жеті қат жер астының, жеті жұрттың тілін білетін ғұлама екенін ескертеді. Тіптен, тағы біреуі қара суды теріс ағыза алатын сиқыр өнерін меңгергенін айтып өтеді... Айымкүл әрқайсысына ізет көрсетіп қойып, айтылған сөздерді іштей бір сын ғып отырады. Бір мезгілде қарапайым киінген, есік пен төрдей кер ат мінген бір жас жігіт ортаға шығады. Күнұзынғы сән-салтанатқа көзі үйренген жұрт гу ете қалады. Батырлар менсінбеген, байлар теңсінбеген шырай танытады. – Ен даланың төсінде еркін өскен елім бар. Сол елдің қатардағы қарапайым бір перзентімін. Есімім – Қастер. Жау алмайтын, жұт шалмайтын дәулетім бар, ол – мен үшін ойланбай жанын қиятын достарым. Қашсам құтылатын, қусам жететін қанатым бар, ол – астыма мінген пырағым – Балжыңгер! – дейді жас жігіт. Айымкүл ойланып қалады. Ойлана отырып: «Рас-ау, мал өлер, дүние тозар. Сол өлер мал, тозар дүниені қаперіне ілмей, достарын мақтан еткен пейілі қандай кең еді, жүрегі қандай ақ еді!» – деп іштей күбірлейді. Жай ғана күбірлеп қоймайды, назары тоқтаған осы бір кер атты жігітті сынамақ болады. Сынына толса, тағдырдың жазуы осы шығар деп тәуекел етпек. Сол жерде Айымкүл ақ орамал көтеріп, жұртшылықтан сауға сұрап, кер ат мінген Қастерге шарт қояды: «Сөзің ұнады, жігітім. Енді ісіңді сынағым келеді. Алайда сынаушы жалғыз мен болсам, әділдікке қиянат келтірер едім. Сондықтан істің сыны екеуімізге бірдей ортақ болсын. Мен қазір осынау қауымның көз алдында алтын оқалы, жез түймелі күдері тон тігуге кірісемін. Күдері тон толық тігіліп біткенше астыңдағы кер атпен Марқакөлді айналып шығасың. Егер үлгерсең, мен сендікпін!» – дейді. «Уәде – серт, мақтан – дерт» деген, сол жерде екі жақ та сертке тәу етіседі. Қастер кер аттың айыл-тартпасын тартып, үзеңгіге аяқ салады, Айымкүл ине-жібін қолына алады... Содан Балжыңгерге қамшы басқан Қастер Марқакөлді көбелей шауып жөнеледі. Аспантаудың аңғарына сұғына кірген айна көлді айналып шығу оңай болмайды. Із түспеген шалғынды кешіп, сыңсыған орманнан өтеді. Көлге төне біткен құз-жартастарды басып, қарлы шыңдардан асады. Қара қорыс батпақтарды жалдап, арқырап аққан ақ жал толқынды өзендерден өтеді. Шыға шықса, қарлы боранға оранып, ойға түссе, қара тұманға тап болады. Мұның бәрі аздай-ақ, орман- тоғай, тау-тастың арасынан ақырып аю шығады, шабынып жолбарыс кезігеді, күркіреген қабыланмен беттеседі... Осының бәрінде де Қастер мінген Балжыңгер нағыз ерге серік пырақ екенін көрсетеді. Көлді көбелеп, қияны жебелеп, қуса жетіп, қашса құтылып, шапқан сайын ширыға түседі. Содан, күн мен түннен жаңылып, батысы-шығыс, шығысы-батыс болғандай бір мезгілде көз ұшынан Байсарының ауылы көрінеді. Шалғынға шашқан жұмыртқадай ағарып, алқа қотан қонған ауылдың қарасы көрінгенде Балжыңгердің белі көтеріліп, созыла шабады. Сол бетінде жұлдыздай ағып келіп, Қастер тізгін тартқанда, Айымкүлдің қадап үлгермеген соңғы түймесі қалса керек. – Сыныма толдың, Қастер. Егер сенің сыныңа мен толсам, тойыңды жасай бер! – дейді Айымкүл. – Сен де сыныма толдың, Айымкүл! Қадалмай қалған жалғыз түйме – ердің басшы, әйелдің қосшы екенін мегзегенің деп білемін! – дейді Қастер. Сол жерде жиналған жұртқа Айымкүл тіл қатады: – Ардақты ағайын! Алыстан келген қадірлі қонақтар! Қысқа жіптей күрмеуге келмейтін қыз дәуренімнің қызығына куә болдыңыздар. Ең алдымен кіндік қаным тамған туған жердің атынан, сонан соң алтын бесік елімнің атынан алғыс айтамын. Жеңдім деп желігудің, жеңілдім деп жасудың қисыны жоқ. Мен – жалғыз, сіздер – көпсіздер. Бәріңді бірдей құрметтесем де, біріңді ғана таңдағанымды айтқым келеді. Тағдырымды кер ат мінген Қастерге тапсырдым... «Тойдан – тобықтай белгі» деген, барлықтарыңызға қалы кілем, нар түйе, тай тұяқ бастаған үш тоғыздан сый тартамын. Бәсекелес емес, бауырлас болып тарасаңыздар екен! – дейді Айымкүл. Айымкүл мен Қастердің сынына да, сырына да жұрт көңілі толып, риза болады. Екі жастың көңіл қосуы ұлан-асыр тойға ұласады... Осы оқиғаға куә болып, ер жігіттің даңқын шығарған Балжыңгердей пырақты көзімен көрген күйші «Балжыңгер» атты күй шығарады. Ел ішіне «Балжыңгер» күйінің үш нұсқасы кеңінен тараған. Күйді жете меңгерген, аңызын да жақсы білетін домбырашылар бұл үш нұсқаны бір күй етіп тартады. Күйді тарту барысында мынау «Балжыңгердің аяғы», мынау «Балжыңгердің шабысы», мынау «Балжыңгердің желісі» деп, күйдің сарынын тараулап, жіктеп отырады. «Балжыңгер» күйінің аңызы ғана емес, әуен-сазы да драмалы тартысты бейнелейді. Бірде мамырлап, бірде ширығып отыратын күй сарыны адам сезімінің күрделі сырына бойлағандай.
English
Balzhynger (Version I)
Once upon a time, there was a wealthy man named Baisary, who was flourishing with abundance and elegance. His home was said to be on the lush shores of Markakol, nestled in the cool embrace of the Upper Altai. However, as the saying goes, "This world is imperfect," Baisary had no son to carry on his lineage or to take care of his household. Instead, he had a single daughter named Aiymkul, who was as wise as she was beautiful, and she had become the talk of the town. Content with what he had, Baisary raised his only daughter Aiymkul with love, never denying her anything. Years passed, and days slipped by. Aiymkul blossomed into a young woman. Sweet words about Baisary's daughter, who was as wise as she was beautiful, spread far and wide. Many suitors, seeking a life partner equal to her, flocked to Baisary's home day after day. There were warriors, wealthy men, wise men, and leaders, each more impressive than the last, who came to see Aiymkul and left with their hearts full, eager to express their feelings. At this time, Baisary found himself in a dilemma. He struggled to find the right words to address the numerous strong contenders. As he wished to settle his daughter into a good marriage and find peace of mind in his old age, he worried about increasing his enemies and leaving behind a legacy of harm. Aiymkul, who understood her father's concerns, spoke to him: "Though I am sheltered at home, my heart roams free. What can I do? Since there is no other way, I have decided to express my wish. Father, I hope you will grant me the freedom to choose my own husband without any difficulty. I am not unfamiliar with fame, wealth, or beauty; I have all of that. Therefore, I ask you to announce my search for a husband to everyone, without regard to rank or status." Baisary could not refuse his daughter's wish: "God did not grant me a son, but He gave me a daughter who is no less than a son. I am grateful for that! Aiymkul has grown up and asked for her share of life; I give my permission! Let the announcement be made far and wide! Prepare for the celebration of choosing a husband!" Thus, the day for the husband selection celebration arrived. A crowd gathered at the shores of Markakol, as if the earth itself was covered with people. Not only the broad Kazakh people were present, but also suitors from Urum and Crimea, Baghdad and Egypt, China and Mashhad, India and Khorasan. The splendor and luxury on display dazzled the eyes. At one point, trumpets sounded, drums were beaten, and heralds dressed in bright attire stepped forward. They created a festive atmosphere and set up a golden throne for Aiymkul. She entered gracefully, captivating everyone like a swan gliding on the lake. The heralds began to announce: – "Oh, people! Let us look upon Aiymkul, as radiant as the moon and sun! Guests have come from Urum and Crimea, Baghdad and Egypt, China and Mashhad, Khorasan and India. There are also brave young men who have grown freely in the vast steppe. All have one goal – to pass the test of the beautiful Aiymkul. There is only one condition: each must introduce themselves, their homeland, and their most important quality!" After the heralds' announcement, the suitors began to step forward one by one, introducing themselves and stating their most important qualities. One claimed to come from a lineage that had ruled for seven generations. Another boasted of being a wealthy man with herds of livestock. A third mentioned that his gold and silver could rival a caravan stretching across the land. The next one bragged of his unmatched bravery, while another claimed to be a learned scholar who understood the languages of seven nations. Even one claimed to possess the magical ability to divert rivers... Aiymkul listened to each with respect, internally evaluating their words. At that moment, a young man dressed simply, riding a horse as large as a house, stepped forward. The crowd, accustomed to the day's splendor, fell silent. The warriors and wealthy men looked down upon him with disdain. – "I come from a free land in the vast steppe. I am just an ordinary child of that land. My name is Qaster. I have friends who would sacrifice their lives for me without hesitation. I have wings that would allow me to escape or pursue, and that is my horse, Balzhynger!" – said the young man. Aiymkul pondered. She thought to herself, "Indeed, livestock may perish, and the world may fade. Yet, how generous was his heart to boast of his friends without caring for material wealth!" She decided to test this young man. If he passed her test, perhaps it was fate. Right there, Aiymkul raised a white handkerchief and asked the crowd for silence, setting a condition for Qaster: "I liked your words, young man. Now I want to test your actions. However, if I am the only one judging, it would be unfair. Therefore, let this test be shared between us. I will begin sewing a coat adorned with gold and silver thread in front of this assembly. You must ride around Markakol on your horse before I finish sewing the coat. If you succeed, I will be yours!" "Promise is a bond, boasting is a burden," they both agreed to the challenge. Qaster tightened the saddle on his horse and mounted, while Aiymkul took her needle and thread... Then, Qaster spurred Balzhynger and galloped around Markakol. It was no easy task to navigate the lake nestled in the valley of Aspantau. He crossed unmarked meadows and passed through dense forests. He climbed rocky cliffs overlooking the lake and crossed snowy peaks. He traversed muddy swamps and roaring rivers. If he emerged from one challenge, he would find himself enveloped in a snowstorm or confronted by thick fog. To add to this, he faced bears and tigers, and encountered roaring leopards... Through it all, Balzhynger proved to be a true companion to a hero. He soared over the lake, darted through the hills, and with each gallop, he grew stronger. Eventually, as day turned to night, he spotted Baisary's village on the horizon. As the village appeared, white like scattered eggs on the green grass, Balzhynger surged forward. Just as Qaster pulled the reins, it seemed Aiymkul had just finished sewing the last button. – "You have passed my test, Qaster. If I have passed yours, then prepare for your celebration!" – said Aiymkul. – "You have also passed my test, Aiymkul! The single button left unfastened signifies that the man leads, while the woman supports!" – replied Qaster. At that moment, Aiymkul addressed the gathered crowd: – "Dear relatives! Honored guests who have come from afar! You have witnessed the joy of my youth, which cannot be tied down like a short thread. First, I express my gratitude on behalf of my homeland, where my umbilical cord was cut, and then on behalf of my golden cradle, my country. There is no sense in boasting of victory or lamenting defeat. I am one, and you are many. While I honor you all, I wish to choose only one. I have entrusted my fate to Qaster, who rides the great horse! As the saying goes, 'From the celebration comes a token,' I will gift each of you a ceremonial carpet, a noble camel, and a foal, starting with three nines. I hope you all depart as brothers, not rivals!" – said Aiymkul. The crowd was pleased with both Aiymkul and Qaster's tests and secrets. The union of the two young hearts led to a grand celebration... Witnessing this event, the musician who had seen the magnificent horse Balzhynger, which had brought honor to the young man, composed a piece called "Balzhynger." Three versions of the "Balzhynger" melody spread widely throughout the land. Skilled musicians who mastered the piece and knew its legend played these three versions as one. During the performance, they would say, "This is 'Balzhynger's step,' this is 'Balzhynger's gallop,' this is 'Balzhynger's flight,'” breaking down and elaborating on the melody. The legend of the "Balzhynger" is not only about its story but also its melody, which portrays dramatic tension. The music ebbs and flows, reflecting the complex nature of human emotions.