Кәрібоз бен Салторы

Ертеректе жүйрік атты жазбай танитын сыншы, атбегі болыпты. Оның өзімен бірге қартайған Кәрібоз деген жүйрігі болса керек. Кәрібоздың даңқы құнан күнінен шығып, қашан арса- арса болып қартайғанға дейін небір егелескен жарыста алдына қара салмайды екен. Тіптен, Кәрібоздың даңқы дүрілдеп тұрған кезде талай тойдың бас бәй...

Kazakh
Кәрібоз бен Салторы
Ертеректе жүйрік атты жазбай танитын сыншы, атбегі болыпты. Оның өзімен бірге қартайған Кәрібоз деген жүйрігі болса керек. Кәрібоздың даңқы құнан күнінен шығып, қашан арса- арса болып қартайғанға дейін небір егелескен жарыста алдына қара салмайды екен. Тіптен, Кәрібоздың даңқы дүрілдеп тұрған кезде талай тойдың бас бәйгесін шаппай-ақ алып жүріпті. Бірақ, мәңгіні Құдай жаратқан ба, Кәрібоз да әбден шегіне жете қартаяды. «Өміріме серік болып, талай қызық күндерді бірге өткізген пырағым едің ғой» деп, иесі Кәрібозды бос қоя береді. Ақтылы қой, алалы жылқы баққан ел іші жүйріксіз бола ма, сол кезде Салторы деген бір аттың атағы шыға бастайды. Жүйрік атқа марапат көп, Салторының бітім-қасиеті жұрт аузынан түспейтін болады. Әсіресе, Салторының шыға шабатын ұшқырлығы, сол бетінде алдына тұяқтыны шығармастан мәреге жеке-дара келетіні ел ішіне аңыз болып тарайды. Күндердің бір күнінде ұлан-асыр той болады. Той иесі ат жарысының бас бәйгесіне қырық тай тігемін деп, дәмелі жұртты қызықтыра жар салады. Ұлы дүбір бәйгеге Салторы бастаған небір жал-құйрығы сүзілген жүйріктер келеді. Мұндай дүбірлі шақты талай көрген Кәрібоз сол күні бір бөлек мінез шығарып, өзінен-өзі тықыршып, үй желкесіндегі ат байлар мама ағашты шырқ айналып, жер тарпып тұрып алады. Бұған иесі онша мән бермейді. «Жануарым, әбден алжып, үйкүшік болдың-ау енді!» дейді де қояды. Осының бәрін көріп, байқап жүретін бір тазша бала болады екен. Өзі де бір, жыланның күйсегенін білетін зерек болса керек. Сол тазша бала Кәрібоздың иесінің жанына келеді де: «Ақсақал, Кәрібоздың әлі де бір шабарлығы бар екен, тіленіп тұр ғой, обалына қалмаңыз. Егер тілімді алсаңыз, бас бәйгенің қырық тайы өрісіңізді толтырады. Кәрібоздың шын жүйрікке лайық ең соңғы өнерін көресіз. Ал тілімді алмасаңыз, осы үйден өз сүйегіңізді Кәрібозға артып шығарады», – дейді. Мына сөзді естігенде шалдың зәресі ұшып кетеді. «Қой, осы баланың аузына Құдай сөз салып тұрған шығар» дейді де, Кәрібозға тазша баланы мінгізіп қоя береді. Ұлы дүбір бәйге де басталып кетеді. Әдеттегідей, Салторы суырылып алға шығады. Сол бетінде алдына қара салмай, созыла сілтеп келе жатады. Салторының шабысы көрген жанның айызын қандырғандай еді дейді. Ал, Кәрібоз болса, ә дегенде кәрілігін жеңе алмай кібіртіктеп барып, бірте-бірте бауыр жазады. Содан көмбенің қарасы көрінгенше Салторының артында арқан бойы келе жатады. Кешікпей-ақ, көмбенің қарасы көрініп, ат қосқан елдің ұрандаған дауысы естіледі. Сол кезде қырқылжың тартқан Кәрібоздың белі көтеріліп, делебесі қозып, Салторыны тықсыра түседі. Салторымен жесісіп келе жатқан Кәрібоздың үстіндегі тазша бала: «Алыспан да салыспан, Салторыдан қалыспан. Салторыдан қалыссам, Байдың тайын алыспан. Бұл Кәрібоз әлі де Қалған емес жарыстан!» – деп, қамшыны басады ғой. Кәрібоз ышқына шауып, көсіле сілтегенде Салторыны тұсаған аттай артына қалдырып, көмбеге оқ бойы бұрын келеді. Келген бетте пышаққа ілінген екен. Кәрібозды білетін халық мұны да қас жүйрікке тән қасиетке балап, ырым көріп, етін бір-бір жапырақтан пышақ үстінен бөлісіп әкетеді. «Кәрібоз бен Салторы» күйі үш буынға бөлініп тартылады. Күйдің басын «мынау Салторының шабысы» деп, күйдің ортасын «мынау – Кәрібоздың шабысы» деп, күйдің аяғын «мынау – Кәрібозға тазша баланың қамшы басқан жері» деп тартады домбырашылар. Ел ішінде бұл күйдің аңызы бір болғанымен, тартуға келгенде екі бөліп «мынау – Кәрібоз күй», «ал мынау» – Салторы күй» деп, бөлек-бөлек тартатын дәстүр де бар.
English
Kariboz and Saltori
Once upon a time, there was a skilled horseman and judge who could recognize a swift horse without seeing it. He had an old racehorse named Kariboz that had aged alongside him. Kariboz's fame had emerged since his youth, and he never failed to lead in any race until he became very old and frail. In fact, during the height of Kariboz's glory, he often won the grand prizes at many celebrations without even racing. However, as fate would have it, Kariboz eventually aged to his limits. His owner, reflecting on how he had been his companion through many joyful days, decided to let Kariboz go free. In a land where people raised sheep and spotted horses, it was impossible to be without a swift horse. At that time, a horse named Saltory began to gain fame. There were many rewards for swift horses, and Saltory's qualities became the talk of the town. Especially, Saltory's speed, which allowed him to reach the finish line alone without letting any other horse get ahead, became a legend among the people. One day, a grand celebration was held. The host announced that he would stake forty foals for the grand prize of the horse race, exciting the eager crowd. Many fine horses, led by Saltory, arrived for the great race. Kariboz, who had seen many such events, displayed unusual behavior that day, restlessly circling the tree where the horses were tied, stamping his feet in place. His owner paid little attention to this, saying, "My animal, you've gone completely mad and become a mere house pet!" There was a clever young boy who observed all this. He was sharp enough to understand the signs of a snake's bite. The boy approached Kariboz's owner and said, "Old man, Kariboz still has one last race left in him; he is eager to run, do not let him down. If you heed my advice, the forty foals will fill your pasture. You will witness Kariboz's final performance worthy of a true racer. But if you ignore my words, you will leave this house with your bones laid upon Kariboz." Upon hearing this, the old man was struck with fear. "Perhaps God has put these words in this boy's mouth," he thought, and allowed the boy to ride Kariboz. The grand race began. As usual, Saltory surged ahead. He was galloping without looking back, and his speed was said to satisfy the eyes of all who watched. As for Kariboz, at first, he struggled against his old age, stumbling, but gradually found his stride. He followed closely behind Saltory until the finish line came into view. Soon, the finish line appeared, and the cheers of the crowd echoed. At that moment, Kariboz's spirit lifted, and he pressed forward, closing the gap on Saltory. The boy riding Kariboz shouted: "Don’t fall behind, don’t lag behind, Don’t be left behind by Saltory. If I fall behind Saltory, I won’t be able to catch the rich man’s foal. Kariboz is still not out of the race!" With that, he urged Kariboz on. Kariboz galloped with renewed vigor, leaving Saltory behind and reaching the finish line a length ahead. Upon arrival, he collapsed as if struck by a knife. The people who knew Kariboz regarded this as a trait of a true racer, seeing it as an omen, and shared his meat, cutting it into pieces from the knife. The "Kariboz and Saltory" tune is played in three parts. The beginning of the tune is referred to as "this is Saltory's gallop," the middle part as "this is Kariboz's gallop," and the end as "this is where the boy urged Kariboz on." Although the legend of this tune is singular among the people, when it comes to playing it, there is a tradition to divide it, saying "this is the Kariboz tune," and "and this is the Saltory tune," playing them separately.