Бозайғыр (І нұсқа)

Бұл күйді ертеде «Алатау асқан боз тарлан» деп те шерткен екен бабаларымыз, – дейді Бағаналы ақсақал. Тұлғасы кесек жануар бір топ жылқымен бірге жоғалады. Жыл уағына дейін іздеу салынып, табылмаған айғырды «қолды болдыға» жорып қояды. Сонымен жыл уағынан асқанда ел жайлауға қонып жайғасқан күндердің бірінде, биенің ек...

Kazakh
Бозайғыр (І нұсқа)
Бұл күйді ертеде «Алатау асқан боз тарлан» деп те шерткен екен бабаларымыз, – дейді Бағаналы ақсақал. Тұлғасы кесек жануар бір топ жылқымен бірге жоғалады. Жыл уағына дейін іздеу салынып, табылмаған айғырды «қолды болдыға» жорып қояды. Сонымен жыл уағынан асқанда ел жайлауға қонып жайғасқан күндердің бірінде, биенің екі сауымынан кейін алыстан бір боз жылқы құйындатып келе жатады. Желі басынан көз тіккен жылқы иесі: «Я, пірім-ау! Мынау не жылқы болды екен? Тұлғасы тым кесек қой», – деп тамашалап тұрады. Сөйтсе әлгі көзден ғайып, көңілден ұмыт бола бастаған Бозайғыр болып шығады. Бозайғыр кісінеп кеп, жер тартып желі басына көлденең тұра қалады. Жал-құйрықтан айрылған, көк шолақ болып өзгерген. Басында ноқтаның жұрнағы ғана қалған. Көзінен қанды жас парлайды жануардың. «Құрулаған» иесі де жылап көріседі.
English
Bozaygir (Version I)
This melody was once played by our ancestors, called "The Grey Stallion that Crossed the Alatau," says the elder Baghanaly. A large animal disappears along with a herd of horses. For a year, searches are conducted, and the stallion, which is not found, is declared "lost." So, after a year has passed, on one of the days when the people have settled in the summer pastures, after milking the mare twice, a grey horse comes galloping from afar. The horse owner, who is watching from the herd, says: "Oh, my patron! What kind of horse is this? Its stature is quite impressive," and marvels at it. It turns out to be the long-lost Bozaiyghyr, who has now appeared. Bozaiyghyr whinnies and stands at the herd's edge. It has lost its mane and tail, now a blue stub. Only a remnant of the bridle remains on its head. Tears of blood well up in the animal's eyes. The "lost" owner also cries as they reunite.