Аққабынның толқыны (ІІ нұсқа)

«Аққабынның толқыны» атты күйдің аңызында Бұхтарма атты өзеннің жағасында тұрған, Керей руындағы тамаша сыбызғышы Мұса туралы айтылады. Ол өзінің жалғыз қызын «Марқакөл» көлінің жағасында тұратын бір қазаққа күйеуге ұзатып, оның жасауына өзінің сүйікті атын береді. Жат жерде ақылды жануар сенделіп жүреді. Бір күні Мұса...

Kazakh
Аққабынның толқыны (ІІ нұсқа)
«Аққабынның толқыны» атты күйдің аңызында Бұхтарма атты өзеннің жағасында тұрған, Керей руындағы тамаша сыбызғышы Мұса туралы айтылады. Ол өзінің жалғыз қызын «Марқакөл» көлінің жағасында тұратын бір қазаққа күйеуге ұзатып, оның жасауына өзінің сүйікті атын береді. Жат жерде ақылды жануар сенделіп жүреді. Бір күні Мұса қызының жағдайын білуге «Марқакөлге» бара жатып жолшыбай «Аққабынның толқыны» атты күйін ойнағанда, жасауға берген Мұсаның аты үйірінен бөлініп шығып, кісінеп ауылды айналып шауып жүреді. Иесіне шын берілген ат, Мұса ауылға келгенінен тыным таппады. Мұсаның ойнаған сыбызғысының үніне дағдыланып қалған ат, иесінің дауысын он шақырым жерден естіп білді. Асыл мінезді жануардың тынышсыздануын білетін Мұсаның қызы мұны көргенде үй ішіне: «Сірә, менің әкем келе жатқан болар, біздің аттың ойнақшып айнала шабуы тегін емес», – дейді.
English
The Wave of the White Swallow (Version II)
The legend of the melody "Akqabyn's Wave" tells about Musa, a wonderful dombra player from the Kerei tribe, who lived by the banks of the Bukhtarma River. He married off his only daughter to a Kazakh who lived by the shores of Lake Markakol, giving his beloved horse as her dowry. In a foreign land, the intelligent animal wanders around. One day, while on his way to check on his daughter's well-being at "Markakol," Musa plays the melody "Akqabyn's Wave," and the horse he gave as a dowry breaks away from the herd and starts galloping around the village, neighing. The horse, truly devoted to its owner, did not find peace after Musa arrived in the village. The horse, accustomed to the sound of Musa's dombra, recognized its owner's voice from ten kilometers away. Knowing the restlessness of the noble creature, Musa's daughter, upon seeing this, said to her family: "Surely, my father must be coming; our horse's prancing around is not without reason."