Кенесары – Наурызбай

Орыс әскерімен белдесуге күш жию үшін: Қамауда жатып хал болмас, Қасыңа қалың ел қонбас, – деп, Кенесары соңынан ерген елімен, батырларымен Ілені кесіп өтіп, Шу бойын өрлей көшпеді ме? Сонан Қордайда шапырашты Тойшыбек батырдың ауылына тоқтайды ғой. Атағы жер жарған Кенесары, Наурызбай келді деген соң, ұлы жүз елі қалм...

Kazakh
Кенесары – Наурызбай
Орыс әскерімен белдесуге күш жию үшін: Қамауда жатып хал болмас, Қасыңа қалың ел қонбас, – деп, Кенесары соңынан ерген елімен, батырларымен Ілені кесіп өтіп, Шу бойын өрлей көшпеді ме? Сонан Қордайда шапырашты Тойшыбек батырдың ауылына тоқтайды ғой. Атағы жер жарған Кенесары, Наурызбай келді деген соң, ұлы жүз елі қалмай жиналады. Күні-түні Кененің ауылын босатпайды. Дулаттың батыры Сыпатай да, шапыраштының ерлері Саурық, Сұраншы да, қоңыраттан шыққан Байзақ та, төре Рүстем де қалмай келеді. Кенесары екі күн ұдай ешбір адаммен сөйлеспей, маңдайын ұстап, ауыр ойланып, төмен қарап отырып алды. Рүстем төре де, Сыпатай батыр да Кенесары отырған ақбоз үйдің алдынан анадай жерден түсіп, «алдиярлап» қолын қусырып, рұқсат сұраудан басқа бір ауыз тіл қата алмаған. Келгендердің бәрімен Наурызбай ғана сөйлескен. Сонда 19 жасар жас батыр Сұраншы атының басын Кенесары отырған үйге тіреп тұрып, есіктің маңдайшасын көтеріп, былай депті: – Хан бетін басып, басын тұқыртып, неге төмен қарай береді? Біз ұялшақ қатын көргелі келгеніміз жоқ, ондай қатындар ауылымызда жеткілікті, біз ел бастаған, жау жасқаған батырды көргелі келдік, – депті. Сонда Кенесары басын жұлып алып: – Уа, ерім екенсің ғой, атыңнан түсіп, жоғары шық, – депті. Сұраншыға оң тізесін беріпті. Сонан кейін барып Сыпатай, Рүстемдер де «алдиярлап» үйге кірген екен. Бірақ Кенесары олардың бірде-бірімен жылы сөйлеспей, өзінің үйіне баса- көктеп кірген ер жігіттермен ашылып сөйлесіпті. Он жеті жасар Байсейіт батыр да атымен құйғытып шауып келіп, Кенесарының отырған үйінің дәл табалдырығының алдына тоқтапты. Әкесі Тойшыбек: – Бұл не бейбастылық, сен ханды басынамысың? – деп шыға келіп ұрысқан екен, Байсейіт кимелеп: – Мен хан деп келгем жоқ, батыр деп келдім, батырдан батыр қорықпайды, – деп үйге кіре беріпті. Кенесары бұған да оң тізесінен орын берген. Кенесарыға еріп келген өңкей батырларға Жетісудың кілең айбынды ерлері қосылып, Алатауды сілкінткендей бір қалың қайратты қол құралады...
English
Kenesary – Nauryzbai
To gather strength to confront the Russian army: "Being in captivity will not help, A thick crowd will not settle beside you," – thus, Kenesary crossed the Ili River with his people and warriors, moving up the Shu River. Then they stopped at the village of the Shapyrashty warrior Toyshybek in Korday. When the renowned Kenesary and Nauryzbai arrived, the Great Horde gathered without exception. They did not leave Kenesary's camp day and night. The Dulat warrior Syptai, the Shapyrashty heroes Sauryk and Suranshy, the Konyrat warrior Baizak, and the noble Rustem all came without fail. For two days, Kenesary sat with his forehead in his hands, deep in thought, looking down without speaking to anyone. Rustem and Syptai dismounted from a distance in front of Kenesary's white yurt, folding their hands in a gesture of respect, unable to utter a word other than asking for permission. Only Nauryzbai spoke with all the visitors. Then, the 19-year-old young warrior Suranshy, holding his horse's reins, approached the door of the yurt and raised the doorframe, saying: – Why does the Khan cover his face and bow his head? We did not come to see a shy woman; we have plenty of such women in our village. We came to see a warrior who leads the people and fights the enemy, – he said. At that moment, Kenesary lifted his head and said: – Ah, you are indeed a brave man, dismount and come up, – he said. He offered Suranshy his right knee. After that, Syptai and Rustem also entered the yurt, but Kenesary did not speak warmly to any of them, instead, he openly conversed with the brave men who had boldly entered his home. Seventeen-year-old Baiseyit also galloped up and stopped right at the threshold of Kenesary's yurt. His father Toyshybek came out and scolded him: – What insolence is this, do you dare to confront the Khan? – Baiseyit replied: – I did not come to see the Khan, I came to see a warrior; a warrior is not afraid of another warrior, – and he entered the yurt. Kenesary also offered him a place on his right knee. The brave warriors who followed Kenesary were joined by the valiant men of Zhetysu, forming a powerful force that shook the Alatau...