Жалғыз көзді әулие

Баяғы өткен заманда бір асқан байдың бар жылқысын жау барымталап алып кетіпті. Бай не істерін білмей қайғырып жүргенде, бір әйел жолығыпты: – Бай-еке, жылқыларыңның жартысын берсең, мен малыңды түгел қайтарып әкелем, – деген екен. Бай бұл талапты қабыл алыпты. Ал әйелдің сондағы күйеуі жалғыз көзді әулие екен. Соның жа...

Kazakh
Жалғыз көзді әулие
Баяғы өткен заманда бір асқан байдың бар жылқысын жау барымталап алып кетіпті. Бай не істерін білмей қайғырып жүргенде, бір әйел жолығыпты: – Бай-еке, жылқыларыңның жартысын берсең, мен малыңды түгел қайтарып әкелем, – деген екен. Бай бұл талапты қабыл алыпты. Ал әйелдің сондағы күйеуі жалғыз көзді әулие екен. Соның жалғыз қара айғыры болыпты. Күйеуін сол қара айғырына мінгізіп, алдына үлкен қарағайды бүрімен өңгертіп, арқанмен таңып, жаудың кеткен ізімен жетелей жөнеліпті. Жылқыларды айдап бара жатқан жаудың шеті көрінгенде, әйел қара айғырдың жүгенін сыпырып қоя берген екен. Жылқыларды көрген қара айғыр жауға қарай кісіней азынап шаба жөнеледі. Қара айғырдың шабысы арқасын қоздырған, делебесін оятқан жалғыз көзді әулие қаһарланып жауға жете бергенде, «Тоқта! Тоқта деймін!» деп айғай салыпты. Азынап шапқан қара айғырды, үстіндегі алпамсадай жалғыз көзді әулиені, алдына өңгеріп алған дәу қарағайды көрген жау «бір сұмдық келе жатыр екен» деп, айдаған жылқыларын тастай салып, жан-жаққа қашып кетіпті. Жалғыз көзді әулие болса, жауды жеңіп, аман-есен аулына қарай қуана шауыпты.
English
The One-Eyed Saint
Once upon a time, a wealthy man had all his horses stolen by raiders. While the rich man was grieving and didn't know what to do, a woman approached him: – "If you give me half of your horses, I will bring back all your livestock," she said. The rich man accepted this offer. The woman's husband was a one-eyed saint. He had a single black stallion. She mounted her husband on that black stallion, tied a large pine tree with its branches to the front, and set off following the trail of the raiders. When they spotted the edge of the raiders driving the horses, the woman suddenly threw off the bridle of the black stallion. Seeing the horses, the black stallion neighed and charged towards the raiders. The one-eyed saint, feeling invigorated by the galloping black stallion, shouted as they approached the raiders, "Stop! I say stop!" Seeing the galloping black stallion, the enormous one-eyed saint on its back, and the large pine tree in front, the raiders thought, "Something terrible is coming," and abandoned the horses, fleeing in all directions. The one-eyed saint, having defeated the raiders, joyfully galloped back to his village.