Алшаң қоңыр

Базарқұл Байынқара деген кісі болыпты. Ол киімді тым сәндеп киетін сәнқой, атты таңдап, баптап мінетін мырза екен. Бір жолы бір ауылда үлкен той болып, тойдың дыр-думанын анадайдағы дөң басына шығып, тамашалап тұрған ел ағалары, топ арасынан өзімен аты құп жарасқан, атқа отырысы мен дене бітімі келіскен бір жігітке таң...

Kazakh
Алшаң қоңыр
Базарқұл Байынқара деген кісі болыпты. Ол киімді тым сәндеп киетін сәнқой, атты таңдап, баптап мінетін мырза екен. Бір жолы бір ауылда үлкен той болып, тойдың дыр-думанын анадайдағы дөң басына шығып, тамашалап тұрған ел ағалары, топ арасынан өзімен аты құп жарасқан, атқа отырысы мен дене бітімі келіскен бір жігітке таңырқасып қалады. Бұлардың өзін сөз қып тұрғанын аңғармаған әлгі жігіт қоңыр атты алшаң бастырып көлденеңдей өте берген екен. Мәми Бейсі қасындағыларға: – Әке-ау, керейден де мұндай келісті азамат, осындай әдемі ат шығады екен-ау?! – депті. Мұны өз құлағымен естіп Бейсімен бірге таңырқаған бір күйші, әлгі жігіттің қоңыр атының алшаңдай басқан әсем жүрісіне «Алшаң қоңыр» деген күй арнаған екен.
English
Alshan brown
There was a man named Bazarqul Baiynkara. He was a dandy who dressed very elegantly and was a gentleman who carefully selected and groomed his horse. One day, there was a grand celebration in a village, and the elders who had climbed to the top of a hill to enjoy the festivities were astonished by a young man among the crowd, whose horse matched his name perfectly and whose posture and physique were well-suited for riding. The young man, unaware that they were talking about him, was casually walking his brown horse across the scene. Mami Beisi remarked to those around him: – My goodness, such a handsome young man and such a beautiful horse can come from the Kerey tribe?! – he said. Hearing this with his own ears, a musician who was also amazed along with Beisi composed a tune called "Alshan Qonyr" dedicated to the graceful stride of the young man's brown horse.