Ала айғыр

Ерте уақытта жылқылы бір бай болыпты. Оның жылқысында бітімі бөлек бір айғыры бар екен. Бір жылы қарашада осы айғыры із-тозсыз жоғалып, бай тұс- тұсқа жоқшы аттандырды. Жоқшылар қанша сандалса да, бәрі байдың алдына құр оралыпты. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан әлгі жоғалған ала айғыр өзі жылқыға келіп, бай мен жылқышылард...

Kazakh
Ала айғыр
Ерте уақытта жылқылы бір бай болыпты. Оның жылқысында бітімі бөлек бір айғыры бар екен. Бір жылы қарашада осы айғыры із-тозсыз жоғалып, бай тұс- тұсқа жоқшы аттандырды. Жоқшылар қанша сандалса да, бәрі байдың алдына құр оралыпты. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан әлгі жоғалған ала айғыр өзі жылқыға келіп, бай мен жылқышыларды қайран қалдырыпты. Арқа-басы бүтін, қайта оралған айғырын көрген бай жылқышыларына: – Ала айғыр үйірін қалай айдаса, сендер де ол жүрген бағытпен жылқыны айдаңдар, ол хайуан да болса қыстың қатаң боларын сезіп, өз үйіріне жер шалып келген секілді, – дейді. Айтса, айтқандай болып шығады. Ала айғыр өз үйірін айдайды. Жылқышылар да барлық жылқыны оның соңынан салады. Олар осы жүріспен айлық жол жүріп, іздесе табылмайтын бір түнкелі иен далаға барып тиянақтайды. Жылқышылар бір қысты осы жерде өткізіп, жылқысы аман-есен жазғытұрым бай аулына келеді. Қыс орасан қатты болғандықтан, басқа жердегі байлардың жылқылары түгел жұтап қалған екен. Қуанышқа бөленген байдың ауылы ақсарбас сойып той жасапты. Сол тойда бір домбырашы елдің ала айғырға алғысын бейнелеп «Ала айғыр» күйін шерткен екен.
English
White stallion
Once upon a time, there was a wealthy man with horses. Among his horses, there was a unique stallion. One November, this stallion disappeared without a trace, and the wealthy man sent out searchers in all directions. No matter how much the searchers wandered, they all returned empty-handed to the wealthy man. While they were in this situation, suddenly the lost gray stallion returned to the herd, astonishing the wealthy man and the horse herders. Seeing the stallion, which had returned whole and intact, the wealthy man said to his herders: – Just as the gray stallion leads its herd, you should drive the horses in the direction it goes; even though it is an animal, it seems to have sensed that the winter will be harsh and has come back to its herd, – he said. As he said, so it happened. The gray stallion led its herd. The herders also drove all the horses after it. They traveled for a month and reached a desolate area where they could not be found. The herders spent one winter there, and in the spring, the horses returned safely to the wealthy man's yard. Because the winter had been extremely harsh, the horses of other wealthy men in different places had all perished. The delighted wealthy man’s village celebrated by slaughtering a ram and holding a feast. At that feast, a musician played the "Gray Stallion" tune, expressing the gratitude of the people for the gray stallion.