Мұңлы қыз (ІІ нұсқа)

Қол, аяғы кемтар қыз жастайынан кемтарлықтың бейнетін көріп бұйығы болып өседі. Өзі теңдес балалар қозы жайып, күрке тігіп, өзен бойлай жүгіріп көбелек қуып дегендей балалықтың базарының ортасында жүріп, өскенде тауда кемтар қыз оның біріне де ілесе алмай қапада өмір сүреді. Балалықтың базарына ілесе алмаудан басталған...

Kazakh
Мұңлы қыз (ІІ нұсқа)
Қол, аяғы кемтар қыз жастайынан кемтарлықтың бейнетін көріп бұйығы болып өседі. Өзі теңдес балалар қозы жайып, күрке тігіп, өзен бойлай жүгіріп көбелек қуып дегендей балалықтың базарының ортасында жүріп, өскенде тауда кемтар қыз оның біріне де ілесе алмай қапада өмір сүреді. Балалықтың базарына ілесе алмаудан басталған қайғы өскен сайын өсе түспесе ортаймайды. Өз теңдес қыз-бозбаланың бірі тұрмысқа шығып, бірі тұрмыс құрып, өз алдында түтін түтетіп, бала өсіріп отырғанда кемтар қыз баяғы сол күйі от басынан ұзап шыға алмайды, мұңнан сейілмейді. Сол қыздың құрбыларына қызықтай қарап, өз мұңына қапалануын көрсеткен күй деседі.
English
The Sorrowful Girl (Version II)
A girl with disabilities grows up quietly, having experienced the hardships of her condition from a young age. While other children her age are herding sheep, setting up tents, and running along the river chasing butterflies, she lives a secluded life in the mountains, unable to keep up with any of them. The sorrow that began from not being able to participate in the joys of childhood only grows stronger as she matures. While her peers are getting married, starting families, and raising children, the disabled girl remains stuck in her old life, unable to escape her sorrow. It is said that she watches her friends with envy, revealing her own sadness.